2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 327 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 тамызда № 3871 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылжар ауданының әкімі Б. Жұмабеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 327 қаулысына қосымша

2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тізіміне енгізу үшін өтінім беру мерзімдері

№ п/п

Дақылдардың атауы
Субсидия алуға тізімге қосу үшін өтінім беру мерзімі
1
Жаздық бидай
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
2
Қыстық бидай
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
3
Қыстық қара бидай
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
4
сұлы
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
5
Арпа,
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
6
Қарақұмық
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
7
Тары
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
8
Дәнді бұршақ тұқымдар
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
9
Картоп
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
10
Майлы дақылдар
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
11
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесі қолданылып өсірілетін картоп
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
12
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
13
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
14
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
15
Жемшөптік дақылдар:
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
16
бірінші, екінші және үшінші жылы өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер 
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
17
бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
18
сүрлемдік жүгері және күнбағыс
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
19
бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
20
сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы мен арпа ٭
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
21
судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы мен сиыржоңышқа ٭٭
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
22
сұлы, арпа, бұршақ пен бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ٭٭٭
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда
23
бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы
26 тамыздан бастап 9 қыркүйекті дейін қоса алғанда

       көк азыққа *
пішенге **
пішендемеге ***
жасыл конвейерге ****

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады