Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 145 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 шілдеде N 3805 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 24.12.2019 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі А. Бегманов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
мәслихатының хатшысы
2016 жылғы 14 маусым
Т. Ә. Әбілмәжінов

  Солтүстік Қазақтан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 145 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
      барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      мейірбике;
      емдәм бикесі.
      2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің басшысы;
      қариялар мен мүгедектерді күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
      психоневрологиялық ауыратын 18 жастан үлкен мүгедек балаларды күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
      әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің басшысы;
      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      білім ұйымның мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
      білім ұйымның мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      барлық мамандықтағы мұғалімдер;
      социолог, әлеуметтік педагог;
      психолог, педагог-психолог;
      тәрбиеші;
      тәрбиешінің көмекшісі;
      музыкалық жетекші;
      дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
      әдіскер;
      вожатый;
      кітапхана меңгерушісі;
      кітапханашы;
      лаборант;
      медициналық (лар) қарындасы (інісі);
      логопед;
      лагерь меңгерушісі.
      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      мемелекеттік мекеменің басшысы;
      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
      ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
      кітапхананың меңгерушісі;
      көркемдік жетекшісі;
      кітапханашы;
      аккомпаниатор;
      мәдени ұйымдастырушы;
      хореограф.
      5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      нұсқаушы;
      шебер;
      әдіскер;
      жаттықтырушы-оқытушы
      6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      ветеринариялық дәрігер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады