"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 45-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 06 маусымдағы № 3-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 шілдеде № 3806 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 7-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 14.11.2016 № 7-1 шешімімен (алғашқы ресми жирияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 45-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3569 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Мағжан жұлдызы" аудандық газетінде, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Вести" аудандық газетінде жарияланды) (бұдан әрі - шешім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 қаулысына "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10474 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.";
      2-тармақтың 13-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша әлеуметтік көмек бір мезгілде кіріс есебінсіз 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
       19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген айдың алдындағы үш айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі шартты ақшалай көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзімі ішінде қайта қаралмайды.
      Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелді) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі. ";
       32-тармақ алып тасталсын;
       37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "37. Осы Қағидалардың 9-10-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмекке құқық айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
      Бұл ретте, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 39-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушілер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.";
      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ж. Хайдарова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының хатшысы
Т. Әбілмәжінов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
2016 жылғы 6 маусым
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 3-4 шешіміне қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі

      1) жетiмдiк;
      2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
      4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
      6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
      8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
      9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
      12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
      13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
      14) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
      15) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
      16) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдардың Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
      17) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 5 және 7-баптарында көрсетілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы;
      17-1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 6, 8 және 9-баптарында көрсетілген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығынның орнын толтыруға мұқтаждығы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап);
      18) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдардың тоқсан сайынғы мұқтаждығы;
      19) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
      20) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласына тұрақты жұмысқа келген медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің әлеуметтік көмек алуға мұқтаждығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады