"2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 28 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 ақпанда N 3630 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі N 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 11.07.2016 N 285 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысына (2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3505 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Тайынша таңы", 2015 жылғы 25 желтоқсандағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) келесі мазмұндағы өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағының 2), 3) тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы балалар үйлерінің тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;";
      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады