Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 31 наурыздағы N 18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 сәуірде 3677 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі N 46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 11.07.2016 N 46 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің Донецкое ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметі төтенше жағдай режиміне енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 31 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Е.Иманслям

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады