"Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 47/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда N 3664 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2017 жылғы 07 ақпандағы № 10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 07.02.2017 № 10/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 40/3 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 04 қарашада № 3439 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қарашада "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 14 қарашада "Нива" аудандық газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ХХХХVII сессиясының
төрағасы
Н. Усенков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

  Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 47/3 шешіміне қосымша

"Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
       Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды Тимирязев аудандық мәслихатының аппарат басшысы (бұдан әрі – басшы) жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. "Б" корпусы қызметшісін бағалау "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға – Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысымен құрылған бағалау жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) өткізіледі.
      Комиссия кемінде бес мүшеден құралады, олардың үштен бірі аппарат қызметінің әртүрлі бағыттарымен айналысатын "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы қызметшілерінен, соның ішінде төрағадан тұруы тиіс.
      "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Комиссия төрағасы болып аппарат басшысы табылады.
      7. Комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
      Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссияны құру туралы өкімге өзгерту енгізу арқылы Тимирязев аудандық мәслихаты хатшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындылары Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссияның хатшысы болып бас маман-заңгер табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жеке жұмыс жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусның қызметшісінің жеке жұмыс жоспары:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол (олар) болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана бас маман-заңгерге беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Бас маман-заңгер Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
      Бас маман-заңгер бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемдерінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органдардың Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындау тәртібін бұзуға:
      1) Тимирязев аудандық мәслихаты хатшысының, басшының тапсырмалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде бас маман-заңгердің, "Б" корпусы қызметші басшысының құжатпен дәлелденген мәліметтері болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы бас маман-заңгердің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған түзетулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Басшы келіскеннен кейін бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман-заңгер және "Б" корпусы қызметшісінің басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және онымен келіседі.
      28. Басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман-заңгер және "Б" корпусы қызметшісінің басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін мәслихат аппаратында лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бас маман-заңгер бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде бас маман-заңгерге жіберіледі.
      33. Бас маман-заңгер айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Қызметшінің басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

            ∑ m = 100 + а – в,

      ∑ m – тоқсандық баға;
      а – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады: 
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді";
      130 баллдан астам – "өте жақсы".
      37. Бас маман-заңгер "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

            ∑жыл = 0,3* ∑ m+ 0,6 * ∑ ИП + 0,1*∑к,

      ∑жыл – жылдық баға;
      ∑ m – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл;
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл;
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      ∑ ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      ∑к – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      4 баллдан бастап 5 балға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Бас маман-заңгер Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Бас маман-заңгер Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижелеріне құжаттамалық растау беріледі;
      2) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда бас маман-заңгермен қате жіберілсе.
      41. Бас маман-заңгер бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман-заңгер танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маман-заңгерде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындылары бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижелері оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша

            нысан

"Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

            _____________________________ жыл

            (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):________________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________
Қызметшінің мемлекеттік мекемесінің атауы:
___________________________________________________________

№ р/с
Іс-шаралардың аталуы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4

 

      
      Ескертпе:
*- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс.

Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_____________
күні _________________________________
қолы ________________________________
Басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні _______________________________
қолы _______________________________

 
  "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша

            нысан

Бағалау парағы

            _____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің мемлекеттік мекемесінің атауы:
       ________________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      

Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні _________________________________
қолы ________________________________
Басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні _______________________________
қолы _______________________________

 
  "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша

            нысан

Бағалау парағы

            _________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _____________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің мемлекеттік мекемесінің атауы:
      __________________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Аталуы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5-ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      

Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні _________________________________
қолы ________________________________
Басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)______________
күні _______________________________
қолы _______________________________

 
  "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша

            нысан

Айналмалы бағалау парағы

            __________________________________________________жыл

            (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _____________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________________
      Бағаланатын қызметшінің мемлекеттік мекемесінің атауы:
      _________________________________________________________________________

№ р/с
Құзыреттің аталуы
 
Маңызы
 
Баға (балл)
Басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білу
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей білу
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 

 
  "Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 5-қосымша

            нысан

Комиссия отырысының хаттамасы

            ______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

            _____________________________________________________________

            (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
(тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер
Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі
(болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
 
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
       Тексерген:
       Комиссия хатшысы: _________________________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _________________________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: __________________________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады