Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" және 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 127 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 230 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 қарашада № 3660 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2958 болып тіркелген, 2014 жылы 12 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 127 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген, 2015 жылы 19 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады