Атырау қаласының барлық ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 709 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 3542 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 11.04. 201 9 № 622 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қаласының барлық ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Ожаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Атырау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
"26" мамыр 2016 ж.
А.Абдолов

  Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы "26" мамырдағы № 709 қаулысына қосымша

Атырау қаласының барлық ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының тізбесі

Р/с №

Елді мекендер атауы

Орналастыру орындары

1

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақсай ауылы, Атырау көшесі, № 23 үй, "Жалпы білім беретін № 25 Б. Момышұлы атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

2

Атырау қаласы, Ақсай ауылдық округі

Ақжар ауылы, С. Датұлы көшесі, № 1 үй, "Жалпы білім беретін № 26 С.Датов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

3

Атырау қаласы, Атырау ауылдық округі

Құрманғазы ауылы, Б. Нысанбаев көшесі, № 1 б үй, "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Дамбы дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

4

Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі

Ақжайық ауылы, Юсупжан Нұржанов көшесі, № 8 А үй, "Лидер" супермаркеті ғимаратының жанындағы стенд

5

Атырау қаласы, Балықшы ауылдық округі

Құрсай ауылы, № 1 өткел, № 8 үй, "Манго" шағын маркеті ғимаратының маңындағы стенд

6

Атырау қаласы, Геолог ауылдық округі

Геолог ауылы, № 24 үй мен соңғы аялдама маңындағы стенд

7

Атырау қаласы, Геолог ауылдық округі

Бірлік ауылы, Береген Жоламанов көшесі, № 10 үй маңындағы стенд

8

Атырау қаласы, Дамбы ауылдық округі

Амангелді ауылы, Аманкелді көшесі, № 15 үй маңындағы стенд

9

Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі

Рембаза ауылы, Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі, № 7 үй, "Лидер" супермаркеті ғимаратының алдындағы стенд

10

Атырау қаласы, Жұмыскер ауылдық округі

Жұмыскер ауылы, "Өркен" шағын ауданы, № 43 көше, № 73 учаске алдындағы стенд

11

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Еркінқала ауылы, Түсіпқалиев көшесі, № 10 үй, "Атырау облысы Денсаулық сақтау бақармасының "Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдындағы стенд

12

Атырау қаласы, Еркінқала ауылдық округі

Ракуша ауылы, Қазақстан көшесі, № 16 үй, "Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд

13

Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі

Тасқала ауылы, Орталық көшесі, № 10 үй, "Т. Амандосов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңындағы стенд

14

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Томарлы ауылы, Колхоз көшесі, № 2 үй, "Әлішер" шаруа қожалығы ғимаратының алдындағы стенд

15

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі

Талғайран ауылы, "Талғайран негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады