Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 маусымдағы № 33 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 маусымда № 3547 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 "Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
      5 тармақтағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Атырау қалалық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Атырау қалалық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М.Әмірғалиев).
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ІІІ сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Әзмұханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады