Атырау қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Атырау облысы Атырау қала әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 1854 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қаңтарда № 3772 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 1271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 22.06.2023 № 1271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Атырау қаласында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота тізімдік саны бар ұйымдарға:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қалауиға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Шапкенов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов в городе Атырау

Постановление Атырауского городского акимата Атырауской области от 27 декабря 2016 года № 1854. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 23 января 2017 года № 3772. Утратило силу постановлением акимата города Атырау Атырауской области от 22 июня 2023 года № 1271

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Атырау Атырауской области от 22.06.2023 № 1271 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", на основании Приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14010) Атырауский городской акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов в городе Атырау без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек - в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек - в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека - в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Калауи М.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шапкенов С.