Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 мамырда № 3521 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      4 тармақта "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Жылыой аудандық бөлімі" деген сөздер ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа кызмет көрсету орталығы" департаментінің Жылыой аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5 тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде "Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений." деген абзац алынып тасталсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
ІІ сессиясының төрағасы
Н. Қондыбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады