Аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 165 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 мамырда № 3531 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүліктер жекешелендірілсін.
      2. "Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Дюсупова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүліктердің жекешелендірілуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмінің міндетін атқарушы Ж. Ахметов

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "20" сәуірдегі № 165 қаулысына қосымша

Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық мүліктер


Мүліктердің атауы

Мекен-жайы

Теңгерім ұстаушы

1
Шағын орталық ғимараты
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы
"№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" мемлекеттік мекемесі
2
Қызметтік автокөлік Toyota Camry
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
"Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
3
Монша ғимараты
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы
"Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады