Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 59 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қазанда № 3627 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 149 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 13 қарашадағы № 135 "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2796 тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінде 2013 жылы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      мынадай мәтіндегі 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, амбулаториялық ем алу кезеңіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (отбасы табыстары есепке алынбай) әлеуметтік көмек бекітілсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Заңдылықты сақтау, экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      5-сессиясының төрағасы Н. Досқайыров
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Мырзашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады