Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 қарашадағы № 332 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 61 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қазанда № 3639 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26–бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 20 қарашадағы № 332 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3366 санымен тіркелген, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап және "Атырау облыстық білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы негізінде беріледі";
      2) 2-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "психологиялық–медициналық–педагогикалық кеңестің қорытындысында үйде оқыту жөнінде ұсыныс берілмеуі".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Р. Тұрдағали) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 5-сессиясының төрағасы
Н. Досқайыров
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Мырзашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады