Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 3548 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 139 бабы 9 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 7-VI шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық мәслихаттың
      1-ші сессиясының төрағасы Л. Мутянова

      2016 жылғы 30 мамыр

      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

      2016 жылғы 30 мамыр

  Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 108 қаулысына қосымша 

Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;

      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      4) мейіргер;

      5) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      7) тәрбиеші;

      8) логопед;

      9) психолог;

      10) дефектолог;

      11) әдіскер;

      12) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      14) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      15) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      16) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;

      7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      8) әкімші (негізгі қызметтер);

      9) аккомпаниатор;

      10) концертмейстер;

      11) библиограф;

      12) кітапханашы;

      13) дыбыс режиссері;

      14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      16) ұжым (үйірме) басшысы;

      17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      18) музыкалық жетекші;

      19) музыкалық әрлеуші;

      20) редактор (негізгі қызметтер);

      21) режиссер;

      22) қоюшы режиссер;

      23) хореограф;

      24) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      25) барлық мамандықтағы инженер;

      26) инспектор;

      27) костюмер;

      28) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады