Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 182 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте № 3605 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қуанышкереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Сұлтанбеков

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 182 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүліктің атауы
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушы
1
Автокөлік Ваз 21213 тіркеу нөмірі 038AL06
2001
"Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
2
Автокөлік Ваз 21310 тіркеу нөмірі 015AL06
2006
"Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
3
Эксковатор ЮМЗ-6 Борекс 2102 тіркеу нөмірі AHD845Е
2006
"Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
4
Автокөлік Уаз 31519-095-02 тіркеу нөмірі 510AО06
2005
"Исатай ауданының Жанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
5
Автокөлік Уаз 390902 тіркеу нөмірі 808AL06
2002
Исатай аудандық "Жалын" мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

      
      ММ-мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады