Байланыс формасы

Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 294-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 64-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 3755 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 06.06.2017 № 94-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" № 294-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3445 тіркелген, аудандық "Нарын таңы" газетінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 4 қосымшасы, осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2) әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 22 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы қағидалардың 8 қосымшасына сәйкес "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеру актісін жүргізеді, осы қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің "Өрлеу" жобасына қатысуына учаскелік комиссияның қортындысын дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне жібереді".

      3) келесі редакциядағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:

      Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы қағидалардың 20, 21-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қортынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учскелік комиссяның актісі мен қортындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді".

      4) осы шешімнің 2, 3-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 20, 21 қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Л. Мутянова) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың
      VIII сессиясының төрағасы Р. Абшеев
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Мұханбеталиев

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 64-VI шешіміне 1 қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 4 қосымша

      нысан

      Отбасыны тіркеу нөмері ______________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      ______________________ _________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы














      Өтініш берушінің қолы ______________________ Күні___________

      Отбасының құрамы туралы

      Мәліметтерді куәландыруға уәкілетті

      Органның лауазымды адамның Т.Ә.Ж. ______________________

       (қолы)

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 64-VI шешіміне 2 қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 20 қосымша

      нысан

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ ж. "___" ___________ ____________________

       (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә._______________________________________

      2. Тұратын мекен-жайы _________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай __________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ___ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай










      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам. Балалардың саны: ______________________________________________

      жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты

      қосу керек) ________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): ____________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ____________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына








      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ___________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ______________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

       _______________________ ________________________

      Комиссия мүшелері:

       ________________________ ________________________

       ________________________ ________________________

       ________________________ ________________________

       ________________________ ________________________

       (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: _________________________________________

       (Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы)

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________________________ өтініш

      берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні

      ____________________________________________________________________

       (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 64-VI шешіміне 3 қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасына 21 қосымша

      нысан

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      _______________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ____________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

       __________________ _______________________

       __________________ _______________________

       (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды

      қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады