Индер ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 3447 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 16.01.2020 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 -баптарына сәйкес Индер ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан аумағында қосымшаға сәйкес сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Аудан әкімінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 14 "Индер ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3108 тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2015 жылдың 5 наурызда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Д.Шамұратовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Арыстан
      (ИБЖСМ)_________ (ИААСК)_________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Атырау облысы Дене шынықтыру
және спорт басқармасының Индер
балалар – жасөспірімдер спорт мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекеме
директорының уақытша міндетін атқарушы:
" 13 " қаңтардағы 2016 жыл
А. Бакенов
      Индер аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы:
" 13 " қаңтардағы 2016 жыл
Б. Құнас

  Индер ауданы әкімінің
2016 жылғы "13" қаңтардағы
№ 1 шешіміне қосымша

Индер ауданының аумағында сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекаралары

      №110 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Тұхфатов көшесі №30-а үй, "Индер аудандық білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 2-29-88

      Шекаралары: С.Нұрқасынов көшесі, Қ.Бектұрғанов көшесі, Тұхфатов көшесі, С.Сейфуллин көшесі, Сейфуллин тұйық көшесі, Шахтер көшесі, Шахтер тұйық көшесі, Қорғантау көшесі, Қорғантау тұйық көшесі, М.Маметова көшесі, Ә.Молдағұлова көшесі, Ақтау көшесі, ІV- учаскесі және "Барлаушы" мөлтек ауданында орналасқан үйлер.

      №111 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Бейбітшілік көшесі №1-үй, "Индер ауданы Индербор кенті әкімі аппаратының "Индер-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 2-10-15

      Шекаралары: С.Ғабдуллин көшесі, Бейбітшілік көшесі, Майдыров көшесі № 1б, 2-1, 2-2, 4-1, 4-2, 5-1, 5-2, 6-1, 6-2, 7; Қазиев көшесі, Нұржанов көшесі, Шыршалы көшесі, Көпбаев көшесі, Нысанбаев көшесі, І – проезд, ІІ – проезд, ІІІ – проезд, ІV – проезд, V – проезд, VІ – проезд, Меңдіғалиев көшесі, Құбашев көшесі, Т.Ізтаев (VІІ проезд) көшесі, VІІІ – проезд, ІХ – проезд, Бейбарыс көшесі, Бейбарыс тұйық көшесі, Қонаев көшесі №1, 1А, 7, 9, 11; Уәлиханов көшесі, Асанқайғы көшесі.

      №112 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Қонаев көшесі №17-а үй, "Индер аудандық білім бөлімінің М.Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 2-11-82

      Шекаралары: Төленбаев көшесі, Төленбаев тұйық көшесі, Д.Сұлтанғалиев көшесі, Б.Қабиев көшесі, Жамбыл көшесі, Г.Шамин көшесі, Амангелді көшесі, Мөңкеұлы көшесі, Мөңкеұлы тұйық көшесі, Горький көшесі, Мұсабаев көшесі, Абай көшесі, Момышұлы көшесі, Иманғазиев көшесі, Әубакіров көшесі, Бозекенов көшесі, Бозекенов тұйық көшесі, Қонаев көшесі №6, 6а, 6б, 6в үйлері, Сәтпаев көшесі, Сәтпаев тұйық көшесі.

      №113 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Махамбет көшесі №14 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының "Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 2-20-72

      Шекаралары: Махамбет көшесіндегі және "Болашақ", "Шығыс" мөлтек аудандарында орналасқан барлық үйлер, Қазақстан көшесі, Қ.Қаражанов көшесі, Тайсойған көшесі №7, 9, 10; Қонаев көшесі №22, 24.

      №114 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Оңдасынов тұйық көшесі №2 үй, "Индер аудандық білім бөлімінің Көктем қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 3-01-57

      Шекаралары: Көктем мөлтек ауданы, Майдыров көшесі № 1а, Нұрпейісова көшесі, О.Нығыметдинов көшесі, Тайманов көшесі, Тайманов тұйық көшесі, Ақжайық көшесі, Досалиев көшесі, Құрманғазы көшесі, Алғашық көшесі, Атырау көшесі, Атырау тұйық көшесі, Алғабас көшесі, Алғабас тұйық көшесі, Нұрманов көшесі, Көктем-2 көшесі № 7, 39, 42, 43, 46; Көктем тұйық көшесі, Оңдасынов көшесі, Ж.Кенжетаев көшесі, Қалимов көшесі, Қалимов тұйық көшесі, Тайсойған көшесі №5, 5-а, 14, 16, 18; Қонаев №21 үй.

      №115 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Бөдене ауылы, М.Мөңкеұлы көшесі №1 үй, "Индер аудандық білім бөлімінің Бөдене орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 26-3-11

      Шекаралары: Бөдене ауылы, Жәкесбай учаскесі-№1, Ақсерке учаскесі №1; Алғабас учаскесі.

      №116 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Ділмұқашев көшесі №27/2 үй, "Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының "Жарсуат-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 23-5-96

      Шекаралары: Жарсуат ауылы, Ақтан елді мекені, Қызылжар елді-мекені, Базым, Сансыз, Жаңақұдық, Баймағанбет, Молымбет – 1 учаскелері.

      №117 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Құрылыс ауылы, Мектеп көшесі №3 үй, "Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының "Құрылыс-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 29-6-07

      Шекаралары: Құрылыс ауылы, Бұхар елді-мекені, Көтібай, Кетебай, Жаманқұдық, Ескі Мәтеш, Қуат, Орлой, Мықтыбай, Қырыққұдық, Қуысой, Мита, Жамансай, Тасқұдық, Өтеміс, Анаржалы учаскелері.

      №118 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Көктоғай ауылы, Сейфуллин көшесі №36 үй, "Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының "Көктоғай-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 28-7-49

      Шекаралары: Көктоғай ауылы, Топайлы, Ақтөбе, Мұқанәлі, Шегәлі, Жолқызыл, Ноғайтөбе, Асанбай, Шумный, Махмет, Жолқұдық, Бәкібас, Әбілен, Абуғали, Жылқыбай, Фарид, Құрмет, Каки, Хамзат, Төсқұдық, Мәмбет, Ұзақбай, Мұғал, Көктерек учаскелері.

      №119 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индербор кенті, Мендігалиев көшесі №30а үй, "Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 2-16-95

      Шекаралары: Қонаев көшесіндегі 19, 20 үйлер және Майдыров көшесі №1 үй.

      №120 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Өрлік ауылы, Үсенов көшесі №54 үй, "Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының "Өрлік-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 27-5-90

      Шекаралары: Өрлік ауылында орналасқан барлық үйлер.

      №121 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Өрлік ауылдық округі, Сыралы №1 учаске.

      Телефон 8/71234/ 5-51-49

      Шекаралары: Жұлдыз учаскесінде орналасқан үйлер.

      №122 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Есбол ауылы, Тайманов көшесі №43 үй, "Индер аудандық білім бөлімінің Жамбыл атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 24-6-99

      Шекаралары: Есбол ауылы Сейфуллин, Мөңкеұлы, Нүрпейсова, Нысанбаев, Имангазиев, Тайманов, Шуйншкалиев, Сұлтанов, Куанышбаев, Бахитов, Махамбет, Ауезов, Датов, Жамбыл, Алипова, Мусагалиев, Бозекенов, Сейтов, Қабдыраш көшелеріндегі және Елеусін учаскесіндегі орналасқан барлық үйлер.

      №123 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Ынтымақ ауылы, Қабдыраш көшесі №13 үй, "Индер ауданы Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының "Ынтымақ-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 25-6-81

      Шекаралары: Ынтымақ ауылы, Өмірәлі, Қайсағали және Үшаша учаскелерінде орналасқан барлық үйлер.

      №124 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Есбол ауылы, Құрманғазы көшесі №8 үй, "Индер аудандық білім бөлімінің Кулагино орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 24-5-20

      Шекаралары: Есбол ауылындағы Құрманғазы, Ахметов, Сайханов, Есбосынов көшелеріндегі, Меңдібай және Маринка учаскелерінде орналасқан барлық үйлер.

      №125 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Елтай ауылы, Жеңіс көшесі №22 үй "Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының "Елтай-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 25-7-02

      Шекаралары: Елтай ауылында орналасқан барлық үйлер.

      №126 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Аққала ауылы, Жұмалиев көшесі №24 үй, "Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының "Аққала-Мәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Телефон 8/71234/ 29-1-17

      Шекаралары: Аққала ауылында және Мұнай айдау стансасында (НПС) орналасқан барлық үйлер.

      №127 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Индер ауданы, Елтай ауылы, участок Жырақұдык, Жанаман қыстағы 1.

      Телефон 8/71234/ 55-1-35

      Шекаралары: Жырақұдық учаскесінде орналасқан барлық үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады