Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 325-V "Мақат ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 49-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қыркүйекте № 3609 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы № 54-VІII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 22.11.2023 № 54-VІII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Кұқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы қаулысына сәйкес және Мақат кенті әкімінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 91, Доссор кенті әкімінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 158, Бәйгетөбе округтік әкімінің № 17 шешімдерінің негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 17 қыркүйектегі "Мақат ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" № 325-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3326 тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2015 жылғы 5 қарашада жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қағиданың 1 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Мақат кенті әкімінің аппаратына" деген сөздер "Мақат кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 2 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Доссор кенті әкімінің аппаратына" деген сөздер "Доссор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қағиданың 3 қосымшасындағы 10 тармақта:

      "Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына" деген сөздер "Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы,
      кезектен тыс V сессиясының төрағасы Қ. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады