Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 505-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 наурызда № 3470 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 530-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 25.08.2020 № 530-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар өткізу орындары мен маршруттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Ш. Жәлелов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХХVІ сессиясының төрағасы
Ш. Жәлелов
      Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы
Б. Жүгінісов

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 505-V шешіміне 1 қосымша

Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу орындары

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 04.07.2019 № 423-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Орны

1

Құрманғазы ауылы

Абай көшесі, 50

2

Құрманғазы ауылы

Тұракбаев көшесі, 25

Құрманғазы ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары

Елді мекеннің атауы

Орны

1

Құрманғазы ауылы

Аудандық сот ғимаратынан Нәжмеденов, 24 көшесінен, Абай, 50 көшесінде орналасқан Тәуелсіздік алаңына дейін

2

Құрманғазы ауылы

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарға арналған обелиск алаңынан Манаев, 41а көшесінен Тұрақбаев, 25 көшесінде орналасқан Құрылысшылар алаңына дейін

  Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 505-V шешіміне 2 қосымша

Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) ауданның жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) алкагольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      3. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткiзу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік заттар пайдалануға, психотроптық заттарды және олардың аналогтары;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарын (визуальды аудио/бейне) пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілік алдында сөйлеуге шақырған, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.

      4. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      5. Пикеттер өткізілген кезде:

      1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

      2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандарды айғайлап айтуға, пикет тақырыбы туралы сөздер қозғауға рұқсат беріледі.

      6. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.

      7. Ауданның жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу үшін бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада дайындық шараларын болдырмауға ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.

      Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға байланысты болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелері, заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері бұзылса немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе өткізуге жол берілмейді.

      8. Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс.

      9. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      10. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      11. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп бойынша өтелуге жатады.

      12. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiлетiн жерде барлық қосымша туындаған шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыруды ұйымдастырушылар өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады