Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 17-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 мамырда № 3519 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V "Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық "Серпер" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 4-тармақтағы "Атырау облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Құрманғазы аудандық бөлімі" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзац алынып тасталсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың ІІ
сессиясы төрағасының
міндетін атқарушы,
аудандық мәслихат хатшысы
Б. Жүгінісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады