Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 50-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 тамызда № 3580 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 172-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 14.09.2022 № 172-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 258-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 санымен тіркелген, аудандық "Серпер" үнжариясында 2014 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде "5", "5", "6" тармақтар тиісінше "5", "6", "7" тармақтар болып өзгертілсін;

      2) келесі мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға емдеу мекемесінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек бекітілсін".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы М. Қуаншалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1-ші шілдеден туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы
Б. Кенжебаев
      Аудандық
мәслихат хатшысы
Б. Жүгінісов

О внесении изменения и дополнения в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V "Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи"

Решение Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 13 июля 2016 года № 50-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 3 августа 2016 года № 3580. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 14 сентября 2022 года № 172-VII

      Сноска. Утратило силу решением Курмангазинского районного маслихата Атырауской области от 14.09.2022 № 172-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании предложения районного акимата районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 11 декабря 2013 года № 258-V "Об утверждений перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2815, опубликовано 16 января 2014 года в районной газете "Серпер") следующее изменение и дополнение:

      1) в тексте решения на русском языке пункты "5", "5", "6" заменить соответственно пунктами "5", "6", "7";

      2) дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Утвердить социальную помощь больным с различной формой туберкулеза, согласно спискам лечебного учреждения, предоставляемых ежемесячно на период амбулаторного лечения, в пределах до 6 месяцев в году, в размере 10 месячных расчетных показателей".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам социальной сферы, молодежной политики, законодательства и права (председатель М. Куаншалиев).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 июля 2016 года.

      Председатель V сессии
районного маслихата
Б. Кенжебаев
      Секретарь
районного маслихата
Б. Жугинисов