Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 331 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 тамызда № 3593 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 28.05.2019 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Шаяхметов

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы "29" шілдедегі № 331 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүліктің атауы

Шығарылған жылы

Баланс ұстаушысы

1

Toyota Prado автокөлігі
тіркеу нөмірі 055RK06

2007

"Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

2

Ваз 21213 Нива автокөлігі
тіркеу нөмірі Е508ВЕ

2004

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

3

Газ 3102-121 автокөлігі
тіркеу нөмірі Е952ВР

2007

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады