Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 42 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 қарашада № 3663 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 17 қазандағы хаттамасы негізінде, Құрманғазы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Күмісбек" кен орнында ұңғымадан мұнай төгілуіне байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Хасановқа жүктелсін.
      3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Шаяхметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады