"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 27 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 3577 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V шешіміне, облыс әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелер туралы" 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      C.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"01" ақпанадағы
№ 27 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1.Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомствалары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10 үй, пошталық индексі 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясына: облыс тұрғындарын біріктіруге бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттілікті бекемдеп, азаматтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
      2) өңірдің ішкі саяси тұрақтылығын, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыруды іске асыру;
      3) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегияларының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
      4) ішкі саясат саласындағы республикалық маңызы бар бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
      5) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.
      16. Функциялары:
      1) облыс аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуына (орнатылуына) бақылауды қамтамасыз етеді;
      2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
      3) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте өңір деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;
      4) мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлеп, бекітеді, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырып, өткізеді;
      5) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 729 бабының 1 тармағына сәйкес, "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" Кодексінің 454 бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көрсетілген құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;
      6) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 804 бабының 1 тармағы 50 тармақшасына сәйкес, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 454 бабының (екiншi бөлiгiнде) көрсетілген құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;
      7) ішкі саясат саласында жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне сай құзыреттерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      3) құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-кимыл жасауға;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және отырыстар өткізуге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуына, оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiн және "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы", "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" және "Жанубий Қозоғистон" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директор-бас редакторларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын жұмыс жоспар құжаттарын әзірленуін қамтамасыз етеді;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      5) шарттар жасасады;
      6) сенімхаттар береді;
      7) банктік есеп-шоттар ашады;
      8) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
      9) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      12) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлер орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұскаулар береді;
      13) қызметкерлердің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;
      14) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
      16) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      17) "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлiмдерi туралы ережелердi бекiтедi;
      18) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      19) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      20) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      21) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен, облыс әкімдігімен, облыс әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік болып табылады.
      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ

      1. "Оңтүстік Қазақстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2. "Южный Казахстан" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      3. "Жанубий Қозоғистон" облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады