Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 57 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 3715 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
      2) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
      3) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес;
      4) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д. Сатыбалды
      Б. Жылқышиев
      С. Каныбеков
      С. Тұяқбаев
      Е. Садыр
      Ұ. Сәдібеков
      А. Абдуллаев
      К. Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы "14" наурыз
№ 57 қаулысына 1-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма) ұсынылады.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Казагромаркетинг" акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы жүзеге асырады (бұдан әрі - Оператор).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы және Басқарманың мөрімен расталған комиссия отырысы (бұдан әрі – Комиссия) хаттамасының үзіндісі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Басқарма және Оператор арасында инвестициялық субсидиялау бойынша Оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шарттың (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады. Қызметтер көрсету шарты төлемақы сомасын көрсете отырып, Оператордың қызметтер көрсетуі тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық әкімдіктің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін Оператордың көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер қабылдауы басталғаны туралы хабарландыру орналастырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" 2015 жылғы 16 қарашасындағы № 9-3/999 бұйрығымен бекітілген стандарттың (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады;
      3) оператор көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдер болған кезде, жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді. Құжаттар топтамасын толықтай ұсынбаған жағдайда, Оператор көрсетілетін қызметті алушыны қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Көрсетілетін қызметті алушы жетіспейтін құжаттарды бермеген жағдайда, өтінім жеті жұмыс күні ішінде қаралады және құжаттар топтамасы толық емес екендігі туралы ақпаратпен бірге сараптамалық комиссияның қарауына жолданады;
      4) көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін алдын ала қарау, субсидияларды есептеу және өтінімдердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 9-3/726 бұйрығымен бекітілген инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында Басқарма сараптамалық комиссияны құрады.
      Сараптамалық комиссия жеті жұмыс күні ішінде Оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, олардың Қағидаларға сәйкестігін/сәйкес еместігін қарайды, Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сараптамалық комиссиясының қорытындысын дайындайды, ол Комиссия отырысының материалдарына қоса беріледі;
      5) комиссия көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеруге және өндірістік қуаттылықтардың жүктемелеріне жеткендігіне көз жеткізу үшін хаттамалық шешіммен Басқарма және басқа да ұйымдардан құрылған тобы (бұдан әрі – топ) көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексеруге шығады. Қарап-тексеру нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап тексеру актісімен ресімделеді;
      6) оператор сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін және қарап тексеру актісі рәсімделгеннен кейін Комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін мақұлдау/қайтарып беру туралы шешімді Комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді.
      Көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде, комиссия қосымша құжаттар сұратады және Операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады.
      Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі. Қағидалардың шарттарына сәйкессіздігі көрсетілетін қызмет алушыға инвестициялық субсидияны беруіне бас тарту себебі болып табылады;
      8) комиссия хатшысы қол қойған және Басқарманың мөрімен куәландырылған Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірме Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін Оператор үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушуға жібереді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) басқарма;
      2) оператор;
      3) сараптамалық комиссия;
      4) топ;
      5) комиссия.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі
инвестициялық салынымдар кезінде
жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің
орнын толтыру бойынша субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес процестерінің анықтамалығы

Басқарма

Оператор

Көрсетілетін қызметті алушы

Оператор

Сараптамалық комиссия

Топ

1

2

3

4

5

6

Оператормен инвестициялық субсидиялау бойынша Оператормен қызметтер көрсету жөнінде шарт жасайды
Қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде облыс аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық әкімдіктің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде инвестициялық субсидиялау үшін Оператордың көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер қабылдауы басталғаны туралы хабарландыру орналастырады
Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қалыптастырады және Операторға жібереді
Жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және сараптамалық комиссия отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді
Жеті жұмыс күні ішінде Оператордан келіп түскен өтініштерді қарайды, сараптамалық комиссиясының қорытындысын дайындайды
Көрсетілетін қызметті алушының объектісін қарап-тексереді

Оператор

Комиссия

Оператор

7

8

9

Комиссия отырысын шақыру туралы оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды
Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін мақұлдау/қайтарып беру туралы шешімді комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді
Комиссия хатшысы қол қойған және Басқарманың мөрімен куәландырылған Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірме Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жібереді

      

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "14" наурыз
№ 57 қаулысына 2-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Басқарма) ұсынылады.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға Басқарма және Оператор арасындағы операторлық қызмет бойынша тәртіпті белгілейтін, операторлық қызметті ұсыну талаптарындағы операторлық қызметтің төлем сомасы, сондай - ақ тараптардың жауапкершілігі мен өзге де талаптары көрсетілген шарт болып табылады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      5.1. Агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі-АӨК) субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау тәртібі:
      1) оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы кредит алуға кредиторға (кредитор - екінші деңгейдегі банктер, "ҚазАгро", ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары, сондай-ақ банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар) жүгінеді;
      3) кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады. Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру жатады. Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді;
      4) кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік 30 күн ішінде кредитордың талаптарына сәйкес келетін кепіл берушіні (кепіл беруші – банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, қаржы ұйымдары, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары) табады;
      6) кредитор кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді;
      7) кепіл беруші мақұлдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, субсидия беру туралы өтінішті жолдайды;
      8) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады;
      9) субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшыcы бар Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге жолдайды;
      10) басқарма оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады;
      11) кепіл беруші Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді;
      12) кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді;
      13) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады;
      14) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшермелерін кепіл берушіге жолдайды;
      15) кепіл беруші кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерін Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса жолдайды;
      16) оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.
      5.2. АӨК қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібі:
      1) оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы кредит алуға кредиторға жүгінеді;
      3) кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, ол ұсынған құжаттар мен көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады. Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 14 (он төрт) пайыздан аспайтын кредиттерді сақтандыру жатады. Бұрын алынған кредиттер бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді;
      4) кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы мен көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс сақтандыру сомасының есебі туралы тиісті хаттарды жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті алушы кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады;
      6) сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 5 жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қосымша ақпарат беру үшін қосымша уақыт беріледі. Сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады;
      7) сақтандыру ұйымы көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, хат жолдайды;
      8) оператор сақтандыру ұйымынан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағиданың 33-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады;
      9) субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен сақтандыру ұйымына жолдайды;
      10) басқарма оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;
      11) сақтандыру ұйымы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қоюға жолдайды;
      12) көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде сақтандыру ұйымына төлейтін сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады;
      13) көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды;
      14) сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды;
      15) оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) басқарма;
      2) комиссия;
      3) оператор;
      4) гарант;
      5) кредитор;
      6) сақтандыру ұйымы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы 1. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау тәртібі

1

2

3

4

5

6

Оператор

Көрсетілетін қызметті алушы

Кредитор

Кредитор

Көрсетілетін қызметті алушы

Кредитор

Операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады
Кредит алуға кредиторға жүгінеді
Ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады
Кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды
Күнтізбелік 30 күн ішінде кредитордың талаптарына сәйкес келетін кепіл берушіні табады
Кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді

7

8

9

10

11

12

Көрсетілетін қызметті алушы

Оператор

Комиссия және оператор

Басқарма

Кепіл беруші

Кредитор

Кепіл беруші мақұлдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, субсидия беру туралы өтінішті жолдайды
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге жолдайды
Оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады
Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді
Кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін береді
13
14
15
16
Көрсетілетін қызметті алушы және кредитор
Кредитор
Кепіл беруші
Оператор
Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады
Көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге жолдайды
Кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерін Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарымен қоса жолдайды
3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады

      

2. Агроөнеркәсіптік кешен қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібі

1

2

3

4

5

6

Оператор

Көрсетілетін қызметті алушы

Кредитор

Кредитор

Көрсетілетін қызметті алушы

Сақтандыру ұйымы

Операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады
Кредит алуға кредиторға жүгінеді
5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, ол ұсынған құжаттар мен көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады
Кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы мен көрсетілетін қызметті алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс сақтандыру сомасының есебі туралы тиісті хаттарды жолдайды
Кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады
5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға 5 жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қосымша ақпарат беру үшін қосымша уақыт беріледі. Сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады

7

8

9

10

11

12

Сақтандыру ұйымы

Оператор

Комиссия және оператор

Басқарма

Сақтандыру ұйымы

Көрсетілетін қызметті алушы және кредитор

Көрсетілетін қызметті алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, хат жолдайды
Сақтан дыру ұйымынан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағиданың 33-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырады
Субсидиялауды жүзеге асыру үшін Басқарма Комиссия құрады. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитормен сақтандыру ұйымына жолдайды
Оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады
Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға қол қоюға жолдайды
Көрсетілетін қызметті алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен және бір мезгілде сақтандыру ұйымына төлейтін сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен қарыз шартын жасасады және көрсетілетін қызметті алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады
13
14
15
Кредитор
Сақтандыру ұйымы
Оператор
Көрсетілетін қызметті алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды
5 жұмыс күні ішінде операторға Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды
3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Басқармаға тиісті хат жолдайды. Басқарма оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады

      

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"14" наурыз № 57 қаулысына
3-қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Басқарма) ұсынылады.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Басқармамен жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының 1-қосымшасына сәйкес өтініші негіздеме болады (бұдан әрі-Стандарт).
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) қызметті алушылардың өтінімдері Басқармамен жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылданады;
      2) басқарма бір жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс органдарын (бұдан әрі - мемлекеттік кіріс органдары) өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
      3) мемлекеттік кіріс органдары Басқарманың өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі-Қағида4-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
      4) басқарма дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңы 16-1-бабының 5-тармағы (бұдан әрі-Заң) негізінде ұсынған Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып-тексеруді жүргізеді және субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды. Субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім Басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді;
      5) субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Басқарма дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) басқарма;
      2) мемлекеттік кіріс органдары.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2-бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде бюджетке
төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

4

Басқарма

Мемлекеттік кіріс органдары

Басқарма

Басқарма

Қызметті алушылардың өтінімдерін жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды. Бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарын өтінімнің көшірмесін қоса бере отырып, оны алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Басқарманың өтінімді қабылдағаны туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді алған күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген мәліметтерді және дайындаушы ұйымның Заңның 16-1-бабының 5-тармағы негізінде ұсынған Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі және Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдары ұсынған дайындаушы ұйым жөніндегі мәліметтермен салыстырып-тексеруді жүргізеді және субсидиялар төлеу (сәйкес келген жағдайда) немесе төлеуден бас тарту (сәйкес келмеген жағдайда) туралы шешім қабылдайды. Субсидиялар төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім Басқарма басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
Субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде дайындаушы ұйымның шотына субсидияны аударады немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.

      

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"14" наурыз № 57 қаулысына
4- қосымша

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастыру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға қызмет алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, ұзақтығы және олардың орындалу дәйектілігі, оның ішінде барлық рәсімдердің өту кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1001 бұйрығымен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтініш тапсырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды тіркейді және 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттарды қарап болған соң, 15-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің орындалу мерзімі көрсетілген сипаттама осы регламенттің 2 бөлімі 5-тармағында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында бейнеленген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

1

2

3

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Түскен құжаттарды тіркейді және 15-минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына жолдайды.
Құжаттарды қарап болған соң 15-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды.
Барлық қажетті құжаттарды тексеріп, Стандарттың 4-тармағымен белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады