"Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 91 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 3726 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 281 "Сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3377-болып тіркелген, 2015 жылғы 31 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген 1-қосымшасында:
      атауындағы "бойынша" деген сөз "жөнінде" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
      1-тармақтағы "халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық)" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.";
      бүкіл мәтіні бойынша "ХҚКО-ға", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық", "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      көрсетілген қаулының "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген 2-қосымшасында:
      "1. Жалпы ережелер" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар аудандары мен қалалары жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.e.gov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурызда № 257 бұйрығымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
      техникалық шарттарды;
      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
      тік жоспарлау белгілерін;
      жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.";
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      8-тармақтағы "5. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті" деген 3-қосымшасында:
      "1. Жалпы ережелер" деген тарауда:
      1-тармақтағы "халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі-Орталық)" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау" деген 2-тарауда:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 257 бұйрығымен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге табыстайды;";
      бүкіл мәтіні бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығымен", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталық" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік корпорациясымен", "Мемлекеттік корпорацияға", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалдыға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады