"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 95 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 сәуірде № 3730 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Тұяқбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Е.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы "01" сәуір
№ 95 қаулысына қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдарды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - Стандарт) стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және 20-минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап құжаттарды қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтылығын тексеріп, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі-Қағида), 4-тармағында белгіленген субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарастырады.
      Өтінімдер Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады және оны басшылыққа ұсынады. Көрсетілетін қызметті беруші төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлемдер жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсынады.
      Өтінім Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті беруші қатысады.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2-бөлімінің 5-тармағында көрсетілген.

4 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:
      1) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы түскен өтініштің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын тексеріп, қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді. Егер, толық құжаттар ұсынылмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді Қағиданың 4-тармағында белгіленген субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарастырады;
      3) егер өтінімдер Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген, не келмеген жағдайда Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау, не тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама Мемлекеттік корпорацияға жолданады;
      4) Мемлекеттік корпорация жұмысшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің қосымшасында көрсетілген.

  "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге
су беру қызметтерінің құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асқан жағдайда

1

2

3

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

құжаттарды қабылдап, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны жөнінде қолхат береді және 20-минут ішінде қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына ұсынады
30-минут ішінде жауапты орындаушыны айқындап құжаттарды қарау үшін жолдайды
Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімде құжаттардың толықтылығын тексеріп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 4-тармағында белгіленген субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарастырады. Өтінімдер Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастырады және оны басшылыққа ұсынады. Көрсетілетін қызметті беруші төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлемдер жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсынады.
Өтінім Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетілген дәлелді жауап беріледі.

2. Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асқан жағдайда

1

2

3

4

Мемлекеттік корпорация жұмысшысы

көрсетілетін қызметті беруші

көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік корпорация жұмысшысы

Стандартының 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын тексеріп, қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жөнелтеді. Егер, толық құжаттар ұсынылмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді Қағиданың 4-тармағында белгіленген субсидия алу шарттарына сәйкестігін қарастырады
егер өтінімдер Қағиданың 4-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген, не келмеген жағдайда Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама Мемлекеттік корпорацияға жолданады
көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады