Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 445 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 3956 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 23 мамырдағы № 193 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 23.05.2017 № 193 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5, 8 тармақтарына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Ордабасы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмекке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады