Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 08 қаңтардағы N 3 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 ақпанда N 4377 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы "8"
қаңтардағы № 3 қаулысына
қосымша

Тауарлық газды тұтыну нормалары

р/с


Газ тұтыну сипаттамасы

Тұтыну бірлігі

Газ тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде
1 адамға айына текше метр

9,74

2

Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде)
1 адамға айына текше метр

24,09

3

Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау мен газ су қыздырғыш болмаған кезде
1 адамға айына текше метр

14,35

4

Тұрғын үйлерге дербес жылу беру
1 адамға айына текше метр

324

Сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары

р/с


Газ тұтыну сипаттамасы

Тұтыну бірлігі

Газ тұтыну нормасы

1

Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде
1 адамға айына килограмм

4,57

2

Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде
1 адамға айына килограмм

5,07

3

Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде
1 адамға айына килограмм

9,08

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады