"Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы N 26 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 ақпанда N 4407 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2020 № 288 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына, "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 12865) сәйкесШығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4161, 2015 жылғы 27 қазандағы № 123 (17212), 2015 жылғы 29 қазандағы № 124 (17213) "Дидар", 2015 жылғы 26 қазандағы № 126 (19725), 2015 жылғы 28 қазандағы № 127 (19726) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1- тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру";";
      аталған қаулымен бекітілген "Туристік, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру";
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қызмет берушісі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы – Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.";
      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11578) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішінің болуы негіздеме болып табылады.";
      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады