Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда N 4550 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.11.2018 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1 - тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 5-1 қосымшаларға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спортжәне орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.11.2018 № 334 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1 - тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады).
      2. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
әкімі
Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
_____________
2016 жылғы "21" 04
В. Головатюк

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.07.2017 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен оның орынбасары, клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлік және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.

      2. Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), медициналық мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 2 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.07.2017 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.10.2017 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.09.2018 № 268 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: аудандық және қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары коммуналдық мемлекеттік мекемелер), аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (күндізгі болу жағдайындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері), арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының облыстық маңызы бар ұйымының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жанындағы күндізгі болу ұйым басшысының орынбасары).

      2. Негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдардарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштараз, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.06.2023 № 132 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

      4. Қосалқы персонал: ассистент.

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына
3-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 3 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.08.2022 № 174 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Орта білім беру ұйымының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың, қосымша білім берудің (орталықтың, кешеннің) басшысы (директор, мектепке дейінгі ұйымның меңгеруші);

      білім беру ұйымы басшысының орынбасары: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталық, кешен), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, бастапқы әскери даярлық бойынша, инновациялық білім беру (технологиялар), ақпараттық технологиялар бойынша, бейінді, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестік бойынша;

      барлық мамандық мұғалімдері;

      білім беру ұйымдары интернатының, зертханасының, кабинетінің; оқу-өндірістік, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие қызметімен, оқу бөлімімен, секторымен, оқу-өндірістік (оқу) шеберханасымен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімшенің кітапхана меңгерушісі;

      әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, арнайы педагог (мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім-логопед, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);

      тәрбиеші: жатақхананың аға тәрбиешісі, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), тәрбиеші-ана, тәрбиешінің көмекшісі;

      аға вожатый, вожатый;

      оқытушы; тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;

      аға шебер, өндірістік оқыту шебері; өндірістік оқыту шебері – оқытушысы;

      әдіскер: мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), арнайы білім беру ұйымының;

      оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, хореограф, көркемдік жетекші;

      мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, медициналық бике, вожатый, хореограф, нұсқаушы, лаборант.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 4 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 17.07.2017 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: мәдениет пен архив ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.

      2. Негізгі персонал: мамандар, оның ішінде архивист, археограф, экскурсовод, барлық атауы бар әртіс, әдістемеші, балетмейстер, кітапханашы, барлық атауы бар суретші, музыкалық жетекші, режиссер.

      3 Әкімшілік персонал: мәдени ұйымдастырушы, қор сақтаушысы, архивариус, инспектор.

      4. Көмекші персонал: мұражай қараушысы.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 5 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.10.2019 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы.

      2. Негізгі персонал: жаттықтырушы, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-массажшы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, психолог, хореограф, зертханашы (негізгі қызмет бойынша).

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы 20 сәуірдегі
№ 118 қаулысына 5-1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн орман шаруашылығы мамандары лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 5-1- қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.10.2019 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Басқарушы персонал: орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшы орынбасары, орман күзету және қорғау бас инженері (табиғи кешендерді күзету және қорғау инженері), орманды қалпына келтіру бас инженері (орманды молықтыру және орман өсіру инженері), орманшылық басшысы (орман күтуші), орманшылық басшысының орынбасары, орман тұқымбағының бастығы, орман өрт сөндіру станциясының бастығы.

      2. Негізгі персонал: аңшылықтанушы, орман шебері, орманшы (инспектор), авиациялық өртсөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, орман шаруашылығы негізгі қызметтерінің барлық мамандықтарының инженерлері.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 6 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары

      1. "Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 06 наурыздағы № 30 (15939) "Дидар", 2008 жылғы 06 наурыздағы № 35-36 (18469) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      2. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2543, 2011 жылғы 05 шілдедегі № 76 (16552) "Дидар", 2011 жылғы 04 шілдедегі № 75 (19063) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      3. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2563, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 (16629) "Дидар", 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 (19139) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      4. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2572, 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 48 (16677) "Дидар", 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 48 (19188) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      5. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2585, 2012 жылғы 21 шілдедегі № 84 (16713) "Дидар", 2012 жылғы 23 шілдедегі № 85 (19225) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      6. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 276 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3517, 2014 жылғы 18 қарашадағы № 136 (17071) "Дидар", 2014 жылғы 19 қарашадағы № 135 (19581) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады