Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 150 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымда № 4580 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 390 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.12.2016 № 390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабы 1 - тармағының 5) тармақшасына, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес және "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 - 2/664 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10190) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" мамырдағы
№ 150 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялардың 2016 жылға арналған көлемдері

р/с

Аудандар, қалалар атауы
Субсидиялар сомасы, теңге
1
Аягөз
6 084 037
2
Бесқарағай
6 453 988
3
Бородулиха
38 023 551
4
Глубокое
29 486 348
5
Жарма
8 338 353
6
Зайсан
9 366 343
7
Зырян
21 829 374
8
Катонқарағай
14 149 081
9
Көкпекті
28 218 892
10
Күршім
11 185 616
11
Тарбағатай
4 708 294
12
Үржар
17 691 617
13
Ұлан
46 122 061
14
Шемонаиха
34 718 600
15
Семей қаласы
21 914 719
16
Риддер қаласы
7 361 125
 
Жиыны:
305 652 000
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады