"Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 4519 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 25/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 26.12.2017 № 25/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға тарифтерді бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3184 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтерді бекіту туралы";
      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер бекітілсін.";
      қосымшаның тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Өскемен қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған тарифтер";
      қосымшаның 4 бағанындағы тақырып келесі редакцияда жазылсын:
      "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығаруға бойынша қызметтердің тарифі, теңге".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кикина
      Қалалық мәслихатының хатшысы А. Абакумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады