Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 767 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 4602 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 1076 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 25.12.2023 № 1076 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 – бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9-тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Семей қаласының мәслихатына азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі келісу үшін ұсынылсын.
      3. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айкындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 288 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3846 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырда "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Семей қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "13" мамырдағы
№ 767 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Білім саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: директор, директордың оқу жұмысы жөніндегі, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейіндік жұмысы жөніндегі, оқу - өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, интернат, кітапхана, бұқаралық бөлім, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі;
      2) педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар: мұғалімдер, педагог - психолог, қосымша білім беру педагогтары, ұйымдастырушы - педагогтар, әлеуметтік педагог, бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы - ұйымдастырушы, жүзу жөніндегі, спорт жөніндегі нұсқаушылар; аға тәлімгер, тәрбиеші;
      3) мамандар, оның ішінде: кітапханашы, бас бухгалтер, бухгалтер, экономист, зертханашы, өндірістік оқыту шебері, дәрігер, медициналық бике, емдәм бикесі, менеджер, әдіскер, аудармашы, психолог, оқытушы, үйірме жетекшісі, жаттықтырушы, хореограф, хормейстер.
      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшы орынбасары, оның ішінде: бөлімдердің, филиалдардың меңгерушілері;
      2) мамандар, оның iшiнде: әртістер, аккомпаниаторлар, балетмейстерлер, кітапханашылар, библиограф, мәдени ұйымдастырушылар, концертмейстерлер, музыкалық жетекшілер, әдіскерлер, хореографтар, хормейстрлер, суретшілер, режиссерлар, көркемдік жетекшілер, әкімшілер, бас бухгалтерлар, бухгалтерлар, қоюшы-суретші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады