Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 7/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 4825 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы № 10/2-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.02.2022 № 10/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 - бабы 1-тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар ай сайын оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 05.03.2020 № 39/12-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Келесі тәртіп анықталсын:

      1) шығындарын өндіру "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылсын;

      2) отбасының табысына қарамастан, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды ( толықтай мемлекеттің қамтылуындағы мүгедек балалардан басқалары) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіруі ата-аналарының біріне немесе мүгедек балалардың басқа да заңды өкілдеріне төленсін;

      3) жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуға қажетті құжаттардың тізімі "Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік-құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу реестерінде № 11342 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылсын;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалсын;

      5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 01 қаңтардан туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы О.Қ. МЫСАЕВ
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И.И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады