Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 33 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4416 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 29.08.2019 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен ұсынылған Абай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар тізбесін қарастырып, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ету мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Абай ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Абай ауданының ауылдық округтері әкімдері ортақ пайдаланудағы жерлерде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды жабдықтауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Абай аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы Т.Ерденбеков
      "29" 02 2016 жыл

  Абай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "29" ақпандағы
№ 33 қаулысына қосымша

Абай ауданы бойынша үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар тiзбесі

№ р/с

Елді-мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындар


1

Қарауыл ауылдық округі

Қарауыл ауылы,
"Аға сұлтан" алаңы, (Мұхаметқанов көшесі)

2

Кеңгірбай би ауылдық округі

Кеңгірбай би ауылы, "Шәкерім атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

3

Көкбай ауылдық округі

Көкбай ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында

4

Құндызды ауылдық округі

Құндызды ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында

5

Архат ауылдық округі

Архат ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында

6

Орда елді мекені

Орда елді мекені, "Мамай атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

7

Қасқабұлақ ауылдық округі

Қасқабұлақ ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында

8

Саржал ауылдық округі

Саржал ауылы, ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында

9

Тоқтамыс ауылдық округі

Тоқтамыс ауылы, ауылдық клуб ғимаратының жанында

10

Медеу ауылдық округі

Медеу ауылы, "Медеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады