Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй–жай беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 34 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4417 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 29.08.2019 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       ЗҚАИ-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй–жайлар берілсін.
      2. Абай ауданының ауылдық округтері әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Мұқажанға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбеков

  Абай ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы " 29 " ақпандағы
№ 34 қаулысына қосымша

Абай ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін берілетін үй–жайлардың тізбесі

№ р/с

Елді-мекен атауы

Кандидаттармен кездесу
өткізу орны


1

Қарауыл ауылдық округі

Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

2

Кеңгірбай би ауылдық округі

"Шәкерім атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

Көкбай ауылдық округі

ауылдық мәдениет үйі

4

Құндызды ауылдық округі

ауылдық клуб

5

Архат ауылдық округі

ауылдық клуб

6

Орда елді мекені

"Мамай атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7

Қасқабұлақ ауылдық округі

ауылдық мәдениет үйі

8

Саржал ауылдық округі

ауылдық мәдениет үйі

9

Тоқтамыс ауылдық округі

ауылдық клуб

10

Медеу ауылдық округі

"Медеу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады