"Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 3-5/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 4605 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4190 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінде 2015 жылы 18 қарашада №93 санында жарияланған) Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы";
      шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "2. Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін";
      шешімнің 2-қосымшасының:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері";
      кестесінің №1 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері";
      кестесінің №2 жолының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифтері".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Булакпаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады