Көкпекті ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 243 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 тамызда № 4645 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 25.05.2020 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Сагандыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады