Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 4378 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2016 жылғы 29 наурыздағы №80
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

      Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.01.2017 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2
Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.

Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу

3
Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту;
сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шартының талаптарын орындауы.

Тікелей атаулы сату

4
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда оларды сату;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
жекешелендіру объектісінің тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкестігі.

Қор биржасындағы сауда-саттықтар

5
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту.

Туынды бағалы қағаздарды сату

6
Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін
айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында;
тәуелсіз консультантты тарту.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс

7
Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату.

Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады