Байланыс формасы

2016 жылға Зеленов ауданының ұйымдарында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 546 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 тамызда № 4516 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 27.01.2017 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес және мүгедектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында, Зеленов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Зеленов ауданының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысандарына қарамастан мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстар орнынан, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларынан басқа жұмыс орындар квотасы аудандағы жұмыс орындардың жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Зеленов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3792 тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Досжановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Тугузбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады