Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 4258 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Казталов ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы "Казталов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" № 272 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 желтоқсанда № 7-8-137 тіркелген, 2011 жылы 22 желтоқсанда "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (А. Берденов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Берденовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Бекқайыр

      КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________Н. Құтхожин
28.01.2016 ж.

  Казталов аудан әкімдігінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 31 қаулысына қосымша

Казталов ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 07.10.2022 № 219 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Орналасқан орны

1

Ақпәтер ауылы

Ақпәтер ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ақпәтер көшесі,№39 үй

2

Кіші Талдықұдық ауылы

Бұрынғы Кіші Талдықұдық фельдшерлік пункт ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд Ақпәтер көшесі, №25 үй

3

Талдықұдық ауылы

Талдықұдық ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, С. Есетов көшесі, №8 үй

4

Хайруш ауылы

Бұрынғы Хайруш ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Хайруш көшесі, №47 үй

5

Қайыңды ауылы

Қайыңды ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, С. Жұмашева көшесі, №16 үй

6

Болашақ ауылы

Болашақ ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жаңа Тұрмыс көшесі, №2 үй

7

Жаңатаң ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жаңа құрылыс көшесі, №3 үй

8

Көпкүтір ауылы

"Казталов ауданының білім беру бөлімінің Көпкүтір негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Беріш көшесі, №9 үй

9

Аққурай ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Бейбітшілік көшесі, №12 үй

10

Әжібай ауылы

Әжібай ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Мәдениет көшесі, №24 үй

11

Саралжын ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Қ.Басымов көшесі, №8/2

12

Нұрсай ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Желтоқсан көшесі, №4/1 үй

13

Беспішен ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Беспішен бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Мектеп көшесі, №1 үй

14

Мереке ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, № 12 үй

15

Қошанкөл ауылы

Қошанкөл ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жаңа құрылыс көшесі, №12 үй

16

Ордабай ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Ордабай бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ордабай көшесі, №21 үй

17

Қараоба ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараоба ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Бектұрған көшесі, №18 үй

18

Еңбек ауылы

Еңбек ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Бейбітшілік көшесі, №2/2 үй

19

Жалпақтал ауылы

Мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Хусаинов көшесі, №25 үй

20

Жалпақтал ауылы

"Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жалпақтал жасөспірімдер және балалар спорт мектебі" ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Сламихин көшесі, №36 үй

21

Жалпақтал ауылы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Масалиев көшесі, №13 үй

22

Көктерек ауылы

Көктерек ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Құрманғазы көшесі, №9 үй

23

Саралжын ауылы

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Саралжын ауылдық клубы ғимаратының алдында, Саралжын көшесі, №28 үй

24

Сатыбалды ауылы

Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Сатыбалды ауылдық клубы ғимаратының алдында, Сатыбалды көшесі, №1/1 үй

25

Оразғали ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Оразғали бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Оразғали көшесі, №2/1 үй

26

Талдыапан ауылы

Талдыапан ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Бейбітшілік көшесі, №9 үй

27

Қособа ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қособа бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Бейбітшілік көшесі, №17 үй

28

Бейстерек ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бейстерек бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Достық көшесі, №3 үй

29

Қайшақұдық ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд,Достық көшесі, №13 үй

30

Сарықұдық ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Сарықұдық негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Тауелсіздік көшесі, №1 үй

31

Қарасу ауылы

Қарасу ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Т.Қалиев көшесі, №29 үй

32

Жұлдыз ауылы

Жұлдыз ауылдық мәдениет үйі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Достық көшесі, №3 үй

33

Ащысай ауылы

Ащысай ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ащысай көшесі, 15 үй

34

Бостандық ауылы

Бостандық ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Тауелсіздік көшесі, №22 үй

35

Казталов ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Шарафутдинов көшесі, № 21 үй

36

Казталов ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы стенд, Құрманғазы көшесі, №3 үй

37

Бозоба ауылы

Бозоба ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ш. Мергалиев көшесі, №11 үй

38

Сексенбаев ауылы

"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық пункті ғимаратының алдында, Мектеп көшесі, №3/2 үй

39

Қоныс ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қоныс орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ә. Молдағұлова көшесі, №1 үй

40

Казталов ауылы

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының "Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдында, Желтоқсан көшесі, № 31 үй

41

Бостандық ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, №39 үй

42

Қаракөл ауылы

Қаракөл ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Қаракөл көшесі, №3 үй

43

Қараөзен ауылы

Қараөзен ауылдық мәдениет үйінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Ж. Молдағалиев көшесі, №1 үй

44

Серік ауылы

Медициналық пунктінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Серік көшесі, №15 үй

45

Жас ауылы

Жас ауылдық клубы ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жас көшесі, №1 үй

46

Жаңажол ауылы

Жаңажол ауылдық мәдениет үйінің ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Сырым Датұлы көшесі, №23 үй

47

Әбіш ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд, Жасмаганбетов көшесі, №14 үй

48

Көмекші ауылы

"Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Н.Дуйсенгалиев атындағы негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты маңы аумағындағы ақпараттық стенд , Зулкашев көшесі, № 9 үй


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады