"Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы"

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14887 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 42
бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2017 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың жалпы саны

Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны

Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар

Кәсіптік орта білімі бар мамандар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

қайта даярлау

біліктілігін арттыру

біліктілігін арттыру

2 ай

4 ай

5 ай

1 апта

2 апта

4 апта

2 ай

3 ай

1 апта

2 апта

1.

Астана медицина университеті

14 448

40

200

70

4319

2800

3000

13

6

800

3200


Барлығы

14 448

40

200

70

4319

2800

3000

13

6

800

3200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады