"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14889 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28771) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың 1 тармағының 6) тармақшасына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды.";
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Гимназия мен лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы қажет.
      Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы бойынша білім алушылар 24-ке жеткен кезде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – білім алушылар 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақты мектептерде –кемінде 10 білім алушы болған жағдайда сабақтарды өткізу кезінде сыныпты:
      1) оқыту қазақ тілді емес 2-11 сыныптардағы қазақ тілі;
      2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;
      3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі;
      4) 2-11 сыныптардағы шетел тілі;
      5) 5-11 сыныптардағы информатика;
      6) бейінді пәндер;
      7) 5-11 сыныптардағы технология (ұлдар мен қыздарды сынып толымдылығына қарамастан топтарды);
      8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру (ұлдар мен қыздарды сынып толымдылығына қарамастан топтарды);
      екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.".
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 болып тіркелген) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитариялық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.";
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Халықаралық мектеп қызметінің үлгілік қағидаларында:
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Халықаралық мектепті аяқтаған бітірушілерге жалпы орта білім туралы аттестат және (немесе) халықаралық үлгідегі құжат беріледі.";
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Біріктірілген білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Біріктірілген білім беру ұйымдарына, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелер сәйкес жүзеге асырылады.";
      9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Біріктірілген білім беру ұйымдары инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, дамуында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етеді.
      10. Сыныпта дамуында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар болған жағдайда сыныпты бөлу оқушылардың жалпы санын осындай әр балаға үш оқушыға азайту есебінен жүзеге асырылады.
      11. Сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды дені сау балалармен оқыту (қалалық, аудандық) Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) ұсынымдарына сәйкес жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
      12. Оқу жылының қорытындысы бойынша бастауыш сатысындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларда 1-2 пәннен академиялық берешектері болса, жазғы тапсырмалар мен емтихандарды тапсырғаннан кейін келесі сыныпқа көшіріледі. 3 немесе одан да көп пәндер бойынша оқу жылының бағдарламасын игермеген білім алушылар қайта білім алуға қалдырылады, немесе ата-аналарының қалауы және ПМПК қорытындысы бойынша арнайы сыныптарға ауыстырылады.";
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Біріктірілген білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар аралығындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 және 3 сабақтан соң әрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі.";
      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "40. Мектептер-интернаттар-колледждер, орта білім беру ұйымдары жоқ ауылды жерде тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.";
      58-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сынып оқушыларының кәсіби мүдделерін айқындау, дамыту және бекіту, олардың қоғамдық пайдасы бар еңбектерін ұйымдастыру, техникалық шығармашылығын, жасампаздық пен өнертапқыштығын дамыту;";
      62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "62. Оқу-өндірістік комбинаты (бұдан әрі - Комбинат) орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп және аудандық (қалалық) білім бөлімінің келісімі бойынша оқушылардың контингентін анықтайды.
      63. Комбинат мынадай бағыттар бойынша білім беру қызметін жүзеге асырады:
      1) "Технология" орта білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарына арналған "Технология" пәнінің стандарттарына сәйкес;
      2) орта білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар жұмыстарын, 9-11 (12) сынып оқушыларының кәсіби дайындығын іске асыру.
      64. Өз таңдауы негізінде бейіні (бағыты) бойынша комбинатта оқыған орта білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5191 енгізілді) сәйкес комбинат жүзеге асырады.
      Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта кәсібі бойынша (мамандығы) біліктілік емтиханы, орта білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттау басталуына екі апта бұрын аяқталады.".
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 13 ақпандағы
№ 60 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 375 бұйрығына 5-қосымша

Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағида) 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жалпы орта білім алу барысында жатын орынды беру бойынша интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін анықтайды.
      2. Интернаттық білім беру ұйымдарының түрлері:
      әскери мектеп-интернат – жалпы орта білім алуды және тереңдетілген әскер қатарына шақыруға дейінгі және физикалық дайындығының қосымша білім беру бағдарламаларын, білім берудің кейінгі деңгейлерінде әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқытуды жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат - тиісті білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;
      көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылардан шыққан балалардың, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалардың, өмір сүру, еңбек жағдайлары бойынша отбасыларға көмек беріле отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;
      мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балалардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;
      санаториялық мектеп-интернат – белгіленген режимді сақтаумен қоса жалпы орта білім алуды, емдеуді, медициналық оңалту мен демалуды, емдеу-профилактикалық туберкулезға қарсы іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;
      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат– білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса жақын орналасқан шағын жинақты мектептер оқушыларының сапалы білім алуын қолжеткізуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. Интернаттық білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру

      3. Интернаттық білім беру ұйымдарының негізгі қызметі:
      1) балалардың білім алуы үшін жағдайлар жасау, зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, дене, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету;
      2) 2012 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беру, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде іске асыру;
      3) жалпы орта білім алуда білім алушылардың жайлы және қауіпсіздік өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Интернаттық білім беру ұйымдарына жатын орын беріле отырып жалпы орта білім алу қамтамасыз етіледі:
      әскери мектеп интернат – жалпы орта білімді аяқтағаннан кейін 15-16 жастағы ер балаларды негізгі орта білімді бітіруі бойынша медициналық куәләндіру көрсеткіштері негізінде конкурспен қабылдауды жүзеге асырады;
      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат – тиісті түрлері мен білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысына (бұдан әрі – ҚР Үкіметінің № 320 қаулысы) сәйкес мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар балаларының, мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар балаларының, ата-анасы немесе оларды алмастыратын тұлғалардың өмір сүру жағдайы, еңбегі, денсаулық жағдайы бойынша отбасыларға көмек берілетін, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен кіріс кіретін отбасылар балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді;
      мектеп-интернат – аз тұрғыны бар елді мекендерде тұратын балаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      санаториялық мектеп-интернат – облыстық, қалалық туберкулезға қарсы диспансер жанындағы жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, білім және денсаулық сақтау басқармаларының бағыттары бойынша оқу жылының басынан немесе жарты жылдықтан бастап алты (жеті) жастағы балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Бос орын болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Санаториялық мектепте ауыстыру емтихандары жүргізілмейді;
      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат– білім беру ресурстарына сессиялық сабақтар және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде тұрумен қоса тірек мектептеріне бекітілген шағын жинақты мектептер оқушыларын қабылдауды жүзеге асырады.
      Сыныптың толықтығы және 20 баладан көп емес топтар толық сауыққанға дейін (туберкулезға қарсы диспансердің есебінен шығарғанға дейін) кемінде бір оқу жартыжылдығында емдеуде болады. Балалардың болу уақыты медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға дейін созылуы мүмкін және комиссия қарайды. 1-5 сыныптардағы сабақтардың ұзақтығы 35 минут, 6-11 (12) сынаптарда – 40 минут. Әр сабақтың алдында дене тәрбиелік жаттығулар өткізіледі.
      5. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Медицина қызметкері балалардың денсаулығын нығайту бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-гигиеналық жай-күйі мен тамақтануды бақылауды, балалардың келуіне орай жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      7. ҚР Үкіметінің № 320 қаулысына сәйкес оқушылар киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіледі.
      8. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабына сәйкес балалардың ерекше жеке қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп-интернаттарын материалдық-техникалық қамсыздандыру, жағдай тудыру, жарақтандыру және жабдықтау жергілікті атқарушы органдармен іске асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады