Кәсіпорындардың конъюнктуралық зерттеуін жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 14 ақпандағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14896 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.07.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.07.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпорындардың конъюнктуралық зерттеуін жүргізу бойынша әдістеме бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.07.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Құрылымдық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Құрылымдық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 33 бұйрығымен бекітілген

Кәсіпорындардың конъюнктуралық зерттеуін жүргізу бойынша әдістеме

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 31.07.2023 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпорындардың конъюнктуралық зерттеуін жүргізу бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме кәсіпорындардың ағымдағы қаржы-экономикалық жағдайын бағалауға және кәсіпорындардың экономикалық белсенділігі циклдерін болжамдауға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді экономикалық индикаторларды алу мақсатында статистикалық ақпаратты алудың негізгі аспектілерін және әдістерін анықтайды.

      3. Әдістеме статистикалық қызметте Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімше қызметкерлерінің пайдалануына арналған.

      4. Конъюнктуралық зерттеулер жүргізу үшін тоқсандық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері пайдаланылады.

2-тарау. Зерттеу объектілері

      5. Конъюнктуралық зерттеулер мақсатты іріктеме арқылы қалыптастырылған тізім бойынша кәсіпорындар бойынша жүргізіледі. Тізімге кірген кәсіпорындардың жалпы саны бас жиынтықтан кем дегенде 6% құрайды.

      6. Жұмыскерлер саны, экономикалық қызмет түрі, сондай-ақ кәсіпорынның белсенділігі кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру үшін негізгі белгі болып табылады.

      7. Экономикалық қызметтің негізгі түрі бойынша конъюнктуралық зерттеулер келесі салаларда жүргізіледі:

      өнеркәсіп;

      ауыл шаруашылығы;

      құрылыс;

      сауда;

      көлік;

      байланыс.

      8. Зерттеу өз кәсіпорындарындағы жағдайға сапалы баға беретін, сондай-ақ кәсіпорынның жақын арадағы ықтимал өзгерістерін болжамдайтын респонденттерге жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша сауалнама жүргізу арқылы алғашқы статистикалық деректерді алудан тұрады. Алынған бағалаудың нәтижесінде мониторинг және кәсіпорындардың экономикалық белсенділігі циклдерін болжамдау жүзеге асырылады.

3-тарау. Сауалнамаларды өңдеу және талдамалық материалдарды дайындау

      9. Сапалық сипаттағы мәселелер бойынша респонденттерден алынған сауалнамаларды өңдеу кезінде әр жауап нұсқасының салыстырмалы жиілігі пайызбен есептеледі. Сондай-ақ сұрақтарға оң және теріс жауаптардың салыстырмалы жиілілік айырмасы есептеледі, ол өзгерістер индексін білдіреді және "теңгерім" деп аталады.

      10. Теңгерім деп зерттелетін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің "көбеюі" (жақсаруы) және "азаюын" (нашарлауы) көрсеткіштерін пайызбен белгілеген респонденттер үлестерінің айырмасы түсініледі. Теңгерім әртүрлі кезеңдерде зерттелетін кәсіпорындардағы өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне қатысты респонденттердің бағалауларын салыстыру мақсатында есептеледі.

      11. Өзгерістер индекстері нөлдік белгіден жоғарыға және төменге ауысады. Индекстің оң белгісі экономикалық қызметтің жоғарылағанын, ал нөлдік белгіден ара қашықтық - жоғарылау шамасын білдіреді. Өзгерістер индексі өзгерістердің бағытын және шамасын көрсетеді.

      12. Әртүрлі экономика секторының тоқсан сайынғы конъюнктуралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жағдайы туралы талдамалық материалдарын дайындау жүзеге асырылады.

      13. Өнеркәсіп, құрылыс және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін зерттеу нәтижелері экономика секторларының өткен ағымдағы және болашақтағы (қысқа мерзімді) жағдайын сандық және сапалық бағасын алуға мүмкіндік береді.

      14. Алынған деректердің негізінде саланың даму үрдісінің индикаторы болып табылатын және кәсіпорынның экономикалық жағдайының өзгерісін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индекстері құрылады.

4-тарау. "Кәсіпкерлік сенімділік индексін" құрастыру және қолдану

      15. Өнеркәсіпте кәсіпкерлік сенімділік индексі үш көрсеткіштен (құрамдас бөліктерден) агрегатталады:

      1) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің күтілетін көлемі;

      2) дайын өнімнің негізгі түріне нақты қалыптасқан сұраныс;

      3) тауарлық-материалдық қорлардың нақты көлемі.

      16. Кәсіпкерлік сенімділік индексі осы Әдістеменің 15-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің өзгеруі туралы сұрақтардың жауаптары нәтижелері бойынша есептеледі және көрсеткіштің "көбеюі" және "азаюы" белгілеген респонденттер үлесінің орташа арифметикалық "теңгерімін" білдіреді. Тауарлық-материалдық қорлар қарсы белгімен есептеледі.

      17. Құрылыста кәсіпкерлік сенімділік индексі екі көрсеткіштен (құраушылардан) агрегатталады:

      1) жаңа тапсырыстар көлемі;

      2) кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлерр санының ағымдағы үрдісі.

      18. Саудада кәсіпкерлік сенімділік индексі үш көрсеткіштен (құрамдас бөліктерден) агрегатталады:

      1) экономикалық жағдайдың ағымдағы өзгерістері;

      2) экономикалық жағдайдың күтілетін өзгерістері;

      3) тауарлық-материалдық қорлардың нақты көлемі.

      19. Әр көрсеткіш үшін теңгерім – әр көрсеткіштің "көбеюін" немесе "азаюын" белгілеген респонденттер үлесінің айырмашылығы есептеледі.

5-тарау. "Кәсіпорындардың экономикалық белсенділік деңгейін бағалауды" құру және қолдану

      20. Экономикалық белсенділікті бағалауды есептеу диффузиялық индекс негізінде есептеледі.

      Экономикалық белсенділікті бағалау кезінде алты көрсеткіш (құрамдас бөліктер) пайдаланылады:

      1) жаңа тапсырыстардың көлемі;

      2) кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің саны;

      3) тауарлық-материалдық қорлардың көлемі;

      4) шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімі;

      5) келесі тоқсанда кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердіңң саны;

      6) ауылшаруашылық, өнеркәсіп қызметі үшін сатылатын және өндірілетін өнім ассортиментінің көрсеткіші пайдаланылады, құрылыс, сауда, көлік, байланыс үшін өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің күтілетін көлемінің көрсеткіші пайдаланылады.

      Экономикалық белсенділікті бағалауды есептеуге арналған барлық көрсеткіштердің салмақтар бойынша мәні бірдей.

      21. Экономикалық белсенділікті бағалауға арналған диффузиялық индекс сұраққа оң жауап берген кәсіпорындар үлесінің және сұраққа бейтарап жауап берген кәсіпорындардың 0,5 үлестерінің қосындысы болып табылады.



      мұнда:


– экономикалық белсенділік деңгейін бағалауға арналған диффузиялық индекс.

- "жаңа тапсырыстардың көлемі" "кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің саны", "тауарлық-материалдық қорлардың көлемі", "келесі тоқсанда кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің саны", "сатылатын және өндірілетін өндірілген өнімнің ассортименті", "өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің күтілетін көлемі" көрсеткіштері бойынша сұрақтарға оң жауап берген, "ұлғаюын" белгілеген, сондай-ақ "шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімдері" көрсеткіші бойынша төмендеуін белгілеген кәсіпорындардың үлесі.

- "өзгеріс жоқты" белгілеген, сұраққа бейтарап жауап берген кәсіпорындардың үлесі.

      22. Сауалнамалар бойынша алынған, экономикалық белсенділікті бағалауға арналған бастапқы статистикалық деректер өткен жылғы өндірістің логарифмделген көлемдері бойынша (немесе кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің саны бойынша) өлшенеді.

      23. Экономикалық белсенділікті бағалауды маусымдық түзету Arima1 әдісімен жүзеге асырылады.

      24. Экономикалық белсенділікті шоғырландырылған бағалау жиынтық жалпы қосылған құнға байланысты өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс салаларының салмақтары бойынша өлшене отырып, қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады