Байланыс формасы

"Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14934 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 21 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 17 ақпандағы
№ 54 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына 9-қосымша

"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – хаттама (электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижелері және электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын беру).

      Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегін көрсетiледi.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш пен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) көрсетiлетiн қызметтi алушыны лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сімен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе портал арқылы өтінішті қабылдаудың растамасы болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      6) осы стандарттың 9-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісін анықтау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшылығының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің не жұмыс күндері Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ порталдың көмегімен қабылданады.

      Шағымға тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдау растамасы болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орнының мекенжайы:

      1) Министрліктің - www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсынада, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

      13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, сондай-ақ осы стандарттың 15-тармағында көрсетілген мемлекеттiк қызметтерді көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-12-27, 8 (7172) 74-02-38, Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Электр және энергия
қондырғыларының техникалық
жай-күйі мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін
электр және жылу энергиясын
өндіруді, беруді және бөлуді
жүзеге асыратын ұйымдар
басшыларының, мамандарының
техникалық пайдалану
қағидаларын және қауіпсіздік
қағидаларын білуін біліктілік
тексеру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  Нысан

      ____________________________________

      ____________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      № _______                                           Күні: 20 __жылғы "___" ________

Өтініш

      Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша ___ (рұқсат тобын көрсету) рұқсат тобын

      _____________________________ үшін электр және энергия қондырғыларының техникалық

      (беру, жоғарылату немесе растау) жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау

      үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар

      басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік

      қағидаларын білуіне _____________________________________________________________

                                    (бастапқы, кезекті, кезектен тыс)

      біліктілік тексеруден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Қосымша: Лауазымға тағайындау туралы 20 ___жылғы "___" ___________

      № ___ бұйрықтың көшірмесі.

                                                            Қолы _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады