Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14947 болып тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      _____________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 24 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 28 ақпандағы
№ 104 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабы 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысу қағидаты - мемлекеттің экономикадағы көмекші рөлінің қағидаты, оған сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы мүмкін емес немесе жеткіліксіз болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұйымдары жеке кәсіпкерлік қызметті ауыстырмаса және оған араласпаса, соңғысы белгілі бір әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға толық қабілетті болған кезде, мемлекет сол міндеттерді ғана орындаудың көмекші (субсидиарлық) функциясына ие болады;

      2) тауар нарықтарын зерттеп-қарау – құрылатын және/немесе жұмыс істейтін Ұлттық Банк ұйымы қатысуынан, сондай-ақ оның тиісті тауар нарығында қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруының ықтимал ықпалын айқындауды көздейтін шаралар кешені;

      3) монополияға қарсы орган – тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

      3. Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – Ұлттық Банк ұйымдары) құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу кезінде бастапқы ақпарат ретінде мыналар пайдаланылады:

      1) нарық субъектілерінің қызметін сипаттайтын мемлекеттік статистикалық есептіліктің деректері;

      2) министрліктер мен ведомстволардан, олардың аумақтық органдарынан алынған мәліметтер;

      3) Ұлттық Банк ұйымдарынан алынған мәліметтер;

      4) жеке және заңды тұлғалардан алынған мәліметтер;

      5) монополияға қарсы орган ведомствосының өзінің зерттеулерінің деректері;

      6) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері;

      7) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауал жүргізудің және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген сауалнамалардың деректері.

      4. Тауар нарықтарына мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке негізсіз қатысуын шектеу қағидатының сақталуына зерттеп-қарауды монополияға қарсы орган жүргізеді.

2-тарау. Ұлттық Банк ұйымдары құрылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу кезеңдері

      5. Ұлттық Банк ұйымдары құрылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің монополияға қарсы органға мемлекеттік кәсіпорындарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес заңды тұлғаларды құру туралы өтінішхатты Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес ұсынуы;

      2) құрылатын Ұлттық Банк ұйымының қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау;

      3) құрылатын Ұлттық Банк ұйымының санатын (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі) айқындау;

      4) Ұлттық Банк ұйымы құрылатын тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      5) Ұлттық Банк ұйымын құру жоспарланып отырған тауар нарығына мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы қағидатының сақталуына зерттеп-қарау жүргізу;

      6) Ұлттық Банк ұйымы қатысқан кезде тауар нарығы дамуының ықтимал сценарийлеріне тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу;

      7) тиісті тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің даму деңгейі туралы, оның ішінде Ұлттық Банк ұйымының тиісті тауар нарығында болу мерзімі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) дайындау.

3-тарау. Ұлттық Банк ұйымдары қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу кезеңдері

      6. Ұлттық Банк ұйымдары қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің монополияға қарсы органға мемлекеттік кәсіпорындарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға және онымен үлестес заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішхатты Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ұсынуы;

      2) Ұлттық Банк ұйымдарының қосымша қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау;

      3) Ұлттық Банк ұйымы қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      4) оған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы Заң) жүктелген функцияларды Ұлттық Банкі жүзеге асыруына жәрдемдесетін қызмет түрлерін анықтау мақсатында жеке нарық субъектілері мен Ұлттық Банк ұйымдарының бөлінісінде тауар нарығында жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерінің санын айқындау;

      5) Ұлттық Банк ұйымы қатысқан кезде тауар нарығы дамуының ықтимал сценарийлеріне тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу;

      6) қорытынды дайындау.

4-тарау. Ұлттық Банк ұйымдары құрылатын және (немесе) қосымша қызмет түрлері жүзеге асырылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу

      7. Ұлттық Банк ұйымдары құрылатын және (немесе) қосымша қызмет түрлері жүзеге асырылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу тауар нарықтарын және (немесе) тауар нарықтарының сегменттерін, оның ішінде тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің даму деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

      8. Ұлттық Банк ұйымдарын құру жоспарланып отырған тауар нарығын айқындағаннан кейін, монополияға қарсы орган мыналардан тұратын тауар нарығының сипаттамасын айқындайды:

      1) нарықтың құрылымдық ерекшеліктері;

      2) нарық субъектілеріне тауар нарығында қызметті бастауға кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын нарыққа кіру кезіндегі тосқауылдар;

      3) тауар нарығын дамыту сценарийлері.

      9. Тауар нарығының сипаттамалары монополияға қарсы органға Ұлттық Банк Ұлттық Банкі туралы заңмен жүктелген функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Ұлттық Банк тауар нарығында ұсынысты жүзеге асыра алатын жалғыз ұйым болып табылатынын немесе керісінше осы тауар нарығына аралас тауар немесе географиялық нарықтарда жұмыс істейтіндерді қоса алғанда жеке кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілерінің қатысу мүмкіндігін айқындауға мүмкіндік береді.

      10. Нарықтың құрылымдық ерекшеліктерін талдау кезінде мынадай аспектілер ескеріледі.

      1) тиісті тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін анықтайтын нарықтық шоғырлану;

      2) кірістер немесе көлемдер арқылы салалардың сипаттамаларына қарай өлшенетін тиісті тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі.

      11. Нарық субъектілерінің тауар нарығында қызметін бастауға кедергі келтіретін немесе оны қиындататын және шектейтін мән-жайларды немесе әрекеттерді айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) қаралатын тауар нарығына кіруге тосқауылдардың болуын (немесе болмауын) анықтау;

      2) қаралатын тауар нарығына кіруге анықталған тосқауылдарды еңсеруді анықтау.

      Бұл ретте, нарыққа кіруге тосқауылдарға мыналар жатады:

      1) экономикалық шектеулер, оның ішінде:

      елеулі, бастапқы күрделі салымдарды, осы салымдардың өтімділігі ұзақ мерзім болған кезде жүзеге асыру қажеттілігі;

      қаралатын тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілермен салыстырғанда әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыру тартудың неғұрлым жоғары шығындары;

      зияткерлік меншіктің қажетті ресурстары мен құқықтарына қолжетімділік алуға, ақпарат алуға шығындар;

      көліктік шектеулер;

      ұсыныстары шектелген және олар қаралатын тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің арасында бөлінген ресурстарға әлеуетті қатысушылардың қол жетімділігінің болмауы.

      2) мемлекеттік органдар енгізетін әкімшілік шектеулер, оның ішінде:

      жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау шарттары;

      тауарларды әкелуге - әкетуге қойылған шектеулер;

      белгілі бір сұранысты міндетті түрде қанағаттандыру, мобильді қуатты қолдау, жұмыс орнын және әлеуметтік инфрақұрылымды сақтау талаптары;

      жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер ұсыну;

      мемлекеттік қажеттілік үшін тауар жеткізушілерді конкурстық іріктеу шарттары;

      Ұлттық Банкінің мүлкін ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге жатқызылған сақтауды, сондай-ақ оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктін және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділікті шектеу бөлігінде Ұлттық Банкінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуі мүмкін талаптар.

      стандарттар және сапаға қойылатын талаптар.

      12. Ұлттық Банк ұйымдарын құрған жағдайда, тауар нарығы дамуының мынадай сценарийлерін қарау қажет:

      1) тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауы;

      2) тауар нарығында бір немесе одан көп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуы.

      13. Тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауы сценарийін қараған жағдайда, монополияға қарсы орган бар тосқауылдарды талдауға сәйкес тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмау себептерін айқындайды.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болмайтын тауар нарығына кіруге тосқауылдардың жоғары деңгейі анықталған немесе немесе Ұлттық Банк ұйымы өз қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған тиісті тауар нарығында сұраныстың толық қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті болмау салдарынан тауар нарығында сұраныс мөлшері төмендеген жағдайда, Ұлттық Банк ұйымының қызметіне рұқсат беріледі.

      Егер монополияға қарсы орган тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауының объективті себептерін анықтамаса, монополияға қарсы орган олардың тиісті тауар нарығына қатысу мерзімімен Ұлттық Банк ұйымдарының қызметіне рұқсат береді.

      14. Тиісті тауар нарығында бір немесе одан көп жеке кәсіпкерлік субъектілері болатын сценарийді қараған жағдайда, монополияға қарсы орган Ұлттық Банк ұйымын құру жоспарланатын жеткізілетін тауар (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет) тиісті тауар нарығында сұранысты толық қанағаттандыратын тауарларды жеткізетін жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуын айқындайды, мұндай жағдайда оның қызметіне рұқсат берілмейді.

      Егер тауар нарықтарына жеке кәсіпкерлік субъектілері тауарды жеткізуді (орындауды, қызмет көрсету) жүзеге асырмаса, Ұлттық Банк ұйымының қызметіне рұқсат беру үшін осы тауар нарығында жеке ұсыныстың болмауының объективті себептері айқындалуы тиіс.

      Егер осы тауар нарықтарында осындай тауар нарықтарын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымсыз ететін, олардың табиғи сипаттамаларының салдарынан немесе сұраныстың қысқаруы салдарынан кіруге жоғары экономикалық тосқауылдар айқындалса, Ұлттық Банк ұйымының қызметіне рұқсат беріледі.

      Қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде Әдістеменің 12, 13 және 14-тармақтарында көзделген тауар нарығын дамыту сценарийін қарау қажет.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Тауар нарықтарына жүргізілген зерттеп-қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган мынадай кезектілік бойынша, монополияға қарсы органның зерттеп-қарау жүргізуге жауапты тиісті құрылымдық немесе аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қойған жауапты адам қалыптастыратын қорытынды дайындайды:

      1) жалпы ережелер;

      2) тауар нарығының шекаралары;

      3) ықтимал сценарийлерді айқындау үшін тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу.

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын
және (немесе) олар қосымша
қызмет түрлерін жүзеге
асыратын тауар нарықтарына
зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі
әдістемеге
1-қосымша
  Нысан

      Монополияға қарсы органның

       бірінші басшысына

      ___________________________

      ___________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғажәне олармен үлестес заңды тұлғалар құруға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 6-тармағына сәйкес

      қызмет түрі (түрлері)

      ________________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің (түрлерінің) атауы және экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші)

      болып табылатын ________________________________________________________________

                                          (заңды тұлғаның толық атауы)

      құруға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Ұсынылған материалдар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік орган

      басшысының немесе

      оны алмастыратын адамның қолы       ___________             ________________________

                                     Қолы             (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құру туралы
өтінішхат нысанына қосымша

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғаларды (бұдан әрі – нарық субъектісін) құруға келісім алған кезде монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдардың тізбесі

1

Байланыстырушы тұлға.

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі.

2.

Нарық субъектісін құру мақсаты.

Нарық субъектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі. Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жеке сектор өткізе алмайтын себептері көрсетіледі.

3

Құрылатын нарық субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны.

Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі.

4

Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлері.

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің барлық түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші статистикалық кодтарды көрсете отырып) тізіп көрсетіледі.

5

Құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталының шамасы.

Оны қалыптастыру көзін көрсете отырып, жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі.

6.

Құрылатын нарық субъектісінің санаты.

Шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі. Құрылатын нарық субъектісінің жұмыскерлерінің орташа жылдық саны және орташа жылдық кірісі көрсетіледі (құрылатын нарық субъектісінің санатын айқындау мақсатында).

7.

Құрылатын нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер.

Мыналарды:
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құнын;
құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығымен акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайыздардағы үлесін;
құрылатын нарық субъектісіне қатысы бойынша құқықтар мен өкілеттіктерді көрсете отырып әрбір құрылтайшы (қатысушы) бойынша жалпы ақпарат тізіп көрсетіледі.

8

Құрылатын нарық субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар туралы мәліметтер.

Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларның (қатысушыларның) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдар туралы мәліметтер.
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік адамдарда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдардың қатысуы туралы мәліметтер.
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік адамдарда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларынан (қатысушыларынан) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер.

9.

Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары.

Өткізу жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер.
Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік территориялық шекаралары (аудан, қала, облыс).

10

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларда (жұмыста, көрсетілетін қызметтерде) қажеттіліктің жалпы көлемдері туралы мәліметтер.

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (заттай көрсеткіштерде) ұсынылады.

11

Құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге құрылатын нарық субъектісінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемі.

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (құндық және заттай көрсеткіштерде) ұсынылады.

12

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізбесі.

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісінің қызметтің әрбір түрінің жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын көрсетілетін қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады.

13

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды құру мүмкіндігін қарау.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы мемлекеттік кәсіпорындарды құру туралы қызығушылық ниетін сұрау:
мемлекеттік кәсіпорындарды құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың;
мемлекеттік кәсіпкерлікті құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың;
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не сараптама өткізуге уәкілетті (республикалық жобалар бойынша) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалардың ресми интернет-ресурста орналастырылады;
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдар/өкілдіктер), сондай-ақ өтініш беру сәтіне дейін кемінде күнтізбелік
30 күнтізбелік жария талқылау үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бастамашылық етілген жобалардың ерекшеліктеріне қарай өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспа басылымдарында ақпаратты орналастыру.
Жария талқылаулар өткізу қорытындылары көрсетіледі:
Мемлекеттік кәсіпорынды, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын не жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдар/ өкілдіктер) құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның ресми сайтынан жария тыңдаулар Хаттамасы ұсынылады.

14

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, оның аумақтық бөлімшелерінен, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталықтарынан не Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына сараптама жүргізуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардан алынған мәліметтер.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, сараптама жүргізуге уәкілетті (жергілікті жобалар бойынша) заңды тұлғалардың;
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдарының/өкілдіктерінің) мемлекеттік кәсіпорынды құрудың орындылығы туралы ұстанымы ұсынылады.

15

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастыратын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер.

Осы географиялық шекараларда ұқсас не өзара алмастыратын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бар бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады.

16.

Құрылатын нарық субъектісін қаржыландыру көздері, оның ішінде мемлекет тапсырысын орындау арқылы.

Құрылатын нарық субъектісінің болжамды кірістері үш жылдық кезеңге оның құрылған сәтінен бастап, қаржыландыру көзін көрсетумен (цифрлық және пайыздық арақатынаста), сондай-ақ болжанатын рентабельділік көрсетіледі.

17

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің кезеңі.

Ақталуын ескере отырып және акциялардың кемінде 50%, (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеліктен айырудың ықтимал мерзімін көрсетумен құрылатын нарық субъектісі қызметінің болжанатын мерзімі көрсетіледі.

18

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жоспарлайтын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі.

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады.
Өткізу көлемі күнтізбелік жылға және өтінішхатты берген жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі.

19

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі.

20

Өтінішхатты қарауға қажет қосымша материалдар.

Құрылатын нарық субъектісінің Жарғы жобасының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

  Мемлекеттік кәсіпорын және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын
және (немесе) олар қосымша
қызмет түрлерін жүзеге
асыратын тауар нарықтарына
зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі
әдістемеге
2-қосымша
  Нысан

      Монополияға қарсы органның

      бірінші басшысына

      ___________________________

      ___________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға және онымен үлестес заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішхатты

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағына сәйкес

      ________________________________________________________________________________

                              (заңды тұлғаның толық атауы)

      жүзеге асыратын қызмет түрлерін мынадай редакцияда:

      ______________________________________________________________________________

      (қызмет түрінің (түрлерінің) атауы және экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші)

      кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беруді өтінемін.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын

      растаймын.

      Мемлекеттік орган

      басшысының немесе

      оны алмастыратын адамның қолы       ___________            ________________________

                                     Қолы                  (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар жүзеге асыратын
қызмет түрлерін кеңейтуге және
(немесе) өзгертуге келісім беру
туралы өтінішхат нысанына
қосымша

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруға келісім беру кезінде монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдардың тізбесі

1

Байланыстырушы адам.

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аты, әкесінің аты, тегі, (ол болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі.

2.

Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін толықтырудың мақсаты.

Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін толықтырудың негіздемелері тізбеленеді. Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жеке секторларға өткізілмеу себептері көрсетіледі.

3

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің қызмет түрлері.

Нарық субъектісінің барлық түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді.

4

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің жоспарланатын қызмет түрлері.

Нарық субъектісінің жоспарланатын барлық түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді.

5

Нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер.

Мыналарды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құнын;
3) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығымен акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайыздардағы үлесін;
4) құрылатын нарық субъектісіне қатысы бойынша құқықтар мен өкілеттіктерді көрсете отырып әрбір құрылтайшы (қатысушы) бойынша жалпы ақпарат тізіп көрсетіледі.

6

Нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар туралы мәліметтер.

Атауын, қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер.
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалардың қатысуы туралы мәліметтер.
Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер.

7.

Қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары.

Өткізу жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер.
Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік территориялық шекаралары (аудан, қала, облыс).

8

Нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларға қажеттіліктің жалпы көлемі туралы мәліметтер.

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады.

9

Нарық субъектісінің құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемі.

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай және құндық көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады.

10

Нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізілімі.

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлерінің әрқайсысының жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады.

11

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастырылатын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер.

Осы географиялық шекаралар шегінде қызметтің ұқсас не өзара алмастырылатын түрлерін жүзеге асыратын қазіргі бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады.

12

Нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлемі.

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады.
Өткізу көлемі күнтізбелік жылға және өтінішхатты берген жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі.

13.

Нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі.

14

Өтінішхатты қарауға қажет қосымша материалдар.

Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады