"Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 наурызда № 14955 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілді және ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындайды."
      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақша және орысша тілдерде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы "__" _________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2017 жылғы "__" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады