Байланыс формасы

"Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14959 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық актілер жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 тіркелген) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
      5) 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      6) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      7) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері.
      Бала (балалар) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың (балалардың) туу туралы куәлігін және көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияға тапсырылатын тізбенің 7) тармақшасындағы құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
      2) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
      4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
      5) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
      6) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері.
      Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.
      Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куәлігін (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) және көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияға тапсырылатын тізбенің 6) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттары, баланың туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру туралы куәлік (2008 жылдан кейін некеге тұрған жағдайда) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы Мемлекеттік корпорация мен көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорация жібереді.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дайындалады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
      2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
      3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетілуі;
      5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
      6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
      7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің жоқтығы;
      8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;
      9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
      10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтініші;
      11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
      12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
      13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) egov.kz порталында орналасқан.";
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) патронат тәрбиеші болуға тілек білдіргені туралы өтініш (еркін нысанда);
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
      4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
      5) білімі туралы мәлімет;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;
      2) егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің электрондық көшірмесі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
      4) білімі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі.
      Жеке басын растайтын құжаттар, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ шарт жасау туралы хабарлама жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронат тәрбиеуші болуға ниет білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дайындалады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
      2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
      3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
      4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетілуі;
      5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
      6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
      7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
      8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;
      9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
      10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтініші;
      11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
      12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
      13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) egov.kz порталында орналасқан.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;
      4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
      5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда);
      6) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
      порталда:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
      2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
      4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (бала бар болғанда);
      5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың
      тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дайындалады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
      2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы;
      3) соттың ерлi-зайыптылардың біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулі деп тануы;
      4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттету;
      6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы;
      7) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
      8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
      9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлi емес жыныстық бағдарды ұстануы;
      10) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 15) тармақшасында аталған адамдар;
      11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
      12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
      13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
      14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
      15) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) egov.kz порталында орналасқан.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      4) тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, бала асырап алу жөніндегі агенттік (бұдан әрі – агенттік) орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесі;
      5) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хаты;
      6) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
      7) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және тиісті есептер беру жөніндегі міндеттеме;
      8) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттеме;
      9) агенттіктің көрсетілетін қызметті алушыға берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;
      10) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесі;
      11) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болуы, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесі;
      12) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесі;
      портал арқылы:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерінің электрондық көшірмесі;
      3) бала асырап алу жөніндегі агенттік (бұдан әрі – агенттік) орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
      4) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатының электрондық көшірмесі;
      5) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, көрсетілетін қызметтер тізбесінің электрондық көшірмесі;
      6) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және тиісті есептер беру жөніндегі міндеттеменің электрондық көшірмесі;
      7) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттеменің электрондық көшірмесі;
      8) агенттіктің көрсетілетін қызметті алушыға берген нотариалды куәландырылған сенімхатының электрондық көшірмесі;
      9) агенттік орналасқан мемлекеттің аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында агенттіктің қызметі тоқтатылған жағдайда, белгіленген тәртіппен асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары туралы есептер мен ақпаратты беріп отыратын органды немесе ұйымды тағайындау туралы агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының міндеттемесінің электрондық көшермесі;
      10) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының баланың қайтыс болуы, оған қатыгездік көрсету, оның ішінде балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қастық жасау фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына хабар беру туралы міндеттемесінің электрондық көшермесі;
      11) агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органының агенттіктің құрылтай құжаттарындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органын хабардар ету туралы міндеттемесінің электрондық көшермесі.
      Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.
      Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдастырылады.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу), көрсетілетін қызметті алушыны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін мемлекеттік қызметке сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынылуы;
      3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен жағымсыз ақпараттың болуы;
      4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
      5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
      6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер мен ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      7) агенттіктің асырап алынған баланың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
      8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің белгіленген санынан асуы.";
      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар";
      13-тармақ алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурсында;
      3) egov.kz порталында орналасқан.".
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі
      ________________ Д. Абаев
      2017 жылғы 27 ақпан
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы 1 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 84 бұйрығына
2-қосымша
  "Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  Білім бөлімінің
  (басқармасының) басшысы
  _______________________
  "___"___________20___жылғы

Қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн ____________________________________________________
      Тексеріп-қарауды жүргізген _______________________________________________________
      (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың
      ________________________________________________________________________________
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны)
      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
      органның мекенжайы және телефоны:
      ________________________________________________________________________________
      Тексеріп-қарау мақсаты ___________________________________________________________
      (қамқоршылық, қорғаншылық)
      1. Қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдірген азаматтардың жалпы мінездемесі
      Тегі _____________________________ Аты ___________________________________________
      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________ туған күні ___________________________
      жұмыс орны ________________________ лауазымы ____________________________________
      білімі ____________________________ азаматтығы ____________________________________
      Тегі ______________________________ Аты __________________________________________
      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_____________ туған күні ___________________________
      Жұмыс орны ________________________ лауазымы ___________________________________
      білімі ____________________________ азаматтығы ____________________________________
      Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
      Некеде ________________________________ _________________________________________
      (тұрады, тұрмайды)                              (неке тіркелген күн)
      Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында
       (иә,                  жоқ)
      Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында
       (иә,                  жоқ)
      Балалары _______________________________________________________________________
      (бар,                              жоқ)
      Балалары туралы мәліметтер:
      1) Тегі ____________________________ Аты __________________________________________
      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________ туған күні _________________________
      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
      ________________________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
      Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
      2) Тегі ____________________________ Аты __________________________________________
      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)_______________ туған күні _________________________
      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
      ________________________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
      Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
      3) Тегі ____________________________ Аты __________________________________________
      Әкесінің аты (бар болған жағдайда)________________ туған күні ________________________
      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)
      ________________________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
      Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
      2. Қамқоршы (қорғаншы) болуға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық
      жағдайларының сипаттамасы
      Жалпы ауданы ______ (шаршы м.) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м.)
      Тұрғын бөлмелердің саны _________________________________________________________
      Тіркелгендер ____________________________________________________________________
      (тұрақты, уақытша)
      құқығымен тұрады
      (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
      Тұрғын үйдің жайлылығы _________________________________________________________
      (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ________________________________________________
      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны, сабақ дайындауға,
      демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар болуы)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Жұмыс орны, қызметі немесе оқу орны

Туыстық қатынастары

Ескерту

      4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома ______, оның ішінде жалақы, басқа
       да табыстар
      ________________________________________________________________________________
      5. Қамқорлыққа (қорғаншылыққа) баланы алу себебі: __________________________________
      Қорытынды (баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру үшін жағдайдың бар болуы)
      ________________________________________________________________________________
      (қолы)                              (тегі, аты-жөні)
      _______________
      (күні)
      Таныстық: ______________________________________________________________________
      Тегі аты. әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қамқоршы (қорғаншы) болуға
                  болуға үміткерлердің қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады